Үкімет отырысында жаңа 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралады

Сейсенбі күні, 15 тамызда, сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - жаңа 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері, сондай-ақ ҚР Ұлттық инвестициялық стратегиясы және Ұлттық экспорттық стратегиясы жобалары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, сондай-ақ Kazakh Invest және Kazakh Export компанияларының бірінші басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу