АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сәрсенбі күні, 16 тамызда, сағат 10:00-де, ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан қараңыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу