Мемлекет басшысы Жолдауының бірінші басымдығын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

18 тамыз 2017, 15:29

Дүйсенбі күні, 21 тамызда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы» бірінші басымдығын іске асыру барысы туралы брифинг өтеді.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев және ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М. Тілеуберді шара спикерлері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.