Мемлекет басшысы Жолдауының екінші басымдығын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 31 тамызда, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының «Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту» екінші басымдығын іске асыру туралы брифинг өтеді. 

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Kazakh Invest ҰК басқарма төрағасының орынбасарлары Біржан Қанешев және Нұрсұлтан Жиенбаев шара спикерлері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу