Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Үкіметінің отырысында жылыту маусымына дайындық пен білім беру нысандары құрылысының барысы қаралады

04 қыркүйек 2017, 15:25
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 5 қыркүйекте, сағат 10:30-де, Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Жылыту маусымына дайындық барысы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері;
  • «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру нысандары құрылысының барысы.  

Үкіметтің баспасөз орталығында отырыс қорытындысы бойынша ҚР ИДМ басшысының қатысуымен брифинг өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.