19 қыркүйекте Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 19 қыркүйекте, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • 2017 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы.

  • ҚР көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы.

  • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі.

  • «Экспо-2017» көрсетілген жаңа технологияларды қолдану.

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында отырыс қорытындысы бойынша ҚР ИДМ, ҚР ЕХӘҚМ басшылығының қатысуымен брифинг өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу