«Экспо-2017»-де ұсынылған жаңа ғылыми әдістер мен технологияларды қолдану туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 9 қазанда, сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған жаңа ғылыми әдістер мен технологияларды қолдану туралы брифинг өтеді.

ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Гүлзат Көбенова, сондай-ақ Павлодар, Қарағанды, Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының ректорлары шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу