10 қазанда 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді

09 қазан 2017, 14:30

Сейсенбі күні, 10 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы.

  • Әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңғырту.

  • Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар.

  • Цифрлық экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселесі.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.