12 Қазан 2017, 05:01
Жұма күні, 13 қазанда, сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесіндегі шетелдік павильондардың технологияларын іріктеу үдерісі туралы баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ сараптама жұмыс тобының мүшелері шара спикерлері болады:
• «Энергия тиімділігі және ресурстарды үнемдеу қоғамдық палатасы» ЗТБ басқарма төрағасы Елдос Абақанов;
• «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаменті директорының орынбасары Сергей Костин.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу