23 қазанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді

20 қазан 2017, 16:45

Дүйсенбі күні, 23 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

• АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы;

• «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы;

• «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы: 9 айдың қорытындысы және механизмдерін өзектендіру.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ИДМ басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.