«Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған ғылыми тәсілдер мен технологияларды қолдану туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сейсенбі күні, 24 қазанда сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған ғылыми тәсілдер мен технологияларды қолдану туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Ақтау, Қарағанды және Қостанай жоғары оқу орындарының ректорлары шара спикерлері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу