31 қазанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 31 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы.

  • Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспары және Астанада туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы.

  • Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, көлік пен логистикада цифрлық технологияларды қолдану.

  • Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту.

  • ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарының жобасы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ИДМ басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу