03 Қараша 2017, 12:45
Дүйсенбі күні, 6 қарашада сағат 11:30-да, ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған, климатқа зиянды заттардың әсерін төмендету жобалары туралы баспасөз конференциясы өтеді.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар» ҒЗИ директоры, профессор, техника ғылымдарының докторы Алтай Әлімғазин, сондай-ақ, «Көмір химиясы және технологиялар институты» директоры, химия ғылымдарының докторы Болат Ермағамбет шара спикерлері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу