«Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған жаңа ғылыми тәсілдер мен технологияларды қолдану туралы баспасөз конференциясы өтеді

Ертең, 17 қарашада, сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған жаңа ғылыми тәсілдер мен технологияларды қолдану туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Сейітбек Қуанышбаев пен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Алтынбек Нұхұлы шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу