4 желтоқсанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Дүйсенбі күні, 4 желтоқсанда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • «2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңын іске асыру туралы» Үкімет қаулысының жобасы;
  • «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы;
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту мәселелері;
  • Амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар;
  • Салық және кеден қызметін цифрландыру. 

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ақпарат және коммуникациялар министрлігі, қаржы министрлігі, «Зерде» ҰАКХ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу