Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Президент Жолдауының 6-бағыты аясындағы АХҚО жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

30 қаңтар 2018, 16:40
Фото: РrimeМinister.kz

Сәрсенбі күні, 31 қаңтарда, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «АХҚО: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді іске асыру» тақырыбында брифинг өтеді.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, «АХҚО әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әйтенов, АХҚО биржа басқармасы төрағасының орынбасары Әмина Тұрғұлова, сондай-ақ «АХҚО әкімшілігі» АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.