16 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 16 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы;

  • «Бес әлеуметтік бастаманы» орындау барысы;

  • Жекешелендіруді жүргізу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың, сондай-ақ, ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының м.а. Ғалымжан Ибраимовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу