13 наурызда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 13 наурызда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

ҚР Үкіметі отырысының күн тәртібінде:

  • 05.03.2018 ж. Мемлекет басшысы айтқан бес бастаманы іске асыру жөніндегі жол картасы;

  • 2018 жылғы қаңтар–ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы.

  • Әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық баяндама.


Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу