Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

QazaqGeography қызметі аясында ішкі туризмді дамыту жобалары туралы баспасөз конференциясы өтеді

14 сәуір 2018, 17:42
Астана

Дүйсенбі күні, 16 сәуірде, 10:20-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметі аясында ішкі туризмді дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Шара спикерлері:

  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік мониторинг жүргізу басқармасының басшысы Раушан Мұқышева,
  • QazaqGeography басқарушы кеңесінің төрағасы, «Назарбаев Университеті» ДББҰ инновациялар жөніндегі вице-президенті, ф.-м.ғ.д. Қанат Байғарин,
  • QazaqGeography халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алғашов,
  • «Назарбаев Университеті» National Laboratory Astana Биофотоника және имиджинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Вероника Дашкова.  

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз