17 қазанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 17 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • 2017 жылғы 9 айдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы;

  • 2017-2021 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау;

  • білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы;

  • жекешелендіруді жүргізу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Р. Дәленовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу