18 қазанда ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында баспасөз конференциясы өтеді

Сәрсенбі күні, 18 қазанда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен перспективалары және «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған технологияларды қолдану туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шара спикері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу