2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

2019 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.

Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.

ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде — ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу