20 наурызда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 20 наурызда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

ҚР Үкіметі отырысының күн тәртібінде:

  • ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы (2017 жылдың қорытындысы);

  • ҚР Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы (2017 жылдың қорытындысы);

  • 2018 жылғы көктемгі егін жұмыстарын өткізуге дайындық барысы.


Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу