22 Шілде 2019, 16:12
Сейсенбі күні, 23 шілдеде, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібінде — Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мәселелері.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайыловтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан және Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу