25 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 25 маусымда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.  

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары;
  • АT-саласындағы инновациялық экожүйені дамыту мәселелері.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаевтың, ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленовтың, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Склярдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу