Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

27 наурызда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

26 наурыз 2018, 11:47
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 27 наурызда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

ҚР Үкіметі отырысының күн тәртібінде:

  • ҚР-да тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы;

  • 2015–2019 жылдарға арналған ҚР ИИДМБ іске асыру қорытындысы;

  • Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметі мен оны енгізу мәселелері.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Склярдың, «ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекеновтың, ҚР ИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз