6 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 6 ақпанда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • Техникалық реттеуді жетілдіру;
  • Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары;
  • Денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғаловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу