Қазақстанның жыл басындағы сауда-экономикалық уағдаластықтары мен инвестициялар тарту туралы баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 6 сәуірде сағат 12:00-де ҚР Үкіметінде осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның сауда-экономикалық уағдаластықтары және инвестициялар тарту туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, ҚР СІМ сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу