Көмірді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету шаралары туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сейсенбі күні, 14 тамызда сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Көмірді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр, ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов, «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ басқарма төрағасының — бас директорының м.а. Қайрат Сауырбаев шара спикерлері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу