ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді

Жұма күні, 20 наурызда, сағат 10:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қазақстан аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді.

Шара спикері — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу