ҚР Үкіметі отырысында кеден кодексі жобасы және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері қаралады

21 тамыз 2017, 16:58

Сейсенбі күні, 22 тамызда, 10.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді. На заседании Правительства РК рассмотрят проект таможенного кодекса и вопросы исполнения поручений Главы государства

Күн тәртібінде келесі жобалар:

  • «Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің жобасы және ілеспе заң жобалары;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы;
  • 18.08.2017 кеңесте Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау мәселелері. 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Айдарбаев Алик Серікұлының, ҚР ИДМ инвестициялар комитетінің төраға орынбасары Жұмағалиева Лариса Жасталапқызының, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Бекенов Берік Темірғалиұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан қараңыздар.