Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

13 маусымда Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу қорытындылары қаралады

12 маусым 2017, 13:26
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 13 маусымда, сағат 10:00-де ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – көктемгі егіс жұмыстарын өткізу қорытындылары, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша шараларды іске асыру және орталық және жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мәселелері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.