Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

20 маусымда Үкімет отырысында сатып алу саласындағы шаралар мен денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай жоспары қаралады

19 маусым 2017, 12:18
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 20 маусымда, сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – сатып алу саласында қабылданып жатқан шаралар және денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығының алаңында ҚР Қаржы министрлігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.