Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

30 мамырда Үкімет отырысында АӨК, орман және дала өрттерінің алдын алу мәселелері қаралады

29 мамыр 2017, 14:49
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 30 мамырда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық мәселелері, «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Т. Рахымбековтың және ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.