4 шілдеде Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері және жекешелендіру жүргізу барысы қаралады

03 шілде 2017, 11:51
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 4 шілдеде, сағат 09.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде – тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері және жекешелендіру жүргізу барысы.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономика, қаржы министрліктері басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.