Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Қазақстанды аусылдан таза аймақ ретінде тану» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді

25 мамыр 2017, 16:13
Фото: primeminister.kz

26 мамыр сағат 12.00-де Үкімет үйінде «Қазақстанды аусылдан таза аймақ ретінде тану» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахымбеков, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдылданов, «Мерке ет» ЖШС вице-президенті Бексұлтан Елубаев, «Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасының» атқарушы директоры Әнуарбек Сейітмұратов сөз сөйлейді.

Спикерлер отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін қандай экспорттық мүмкіндіктер ашылатынын баяндайды.

Баспасөз конференциясының онлайн-таратылымын  primeminister.kz сайтынан және Facebook, YouTubeВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.