«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ЭСАЖ электронды сатып алулары 2.0 жаңа форматы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сәрсенбі күні, 28 ақпанда, сағат 11:00-де Үкімет үйінде «Самұрық-Қазына» ЭСАЖ электронды сатып алулары 2.0: жаңа форматта» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясы барысында келесі мәселелер қозғалады:

  • Бірыңғай сатып алу платформасына көшу;

  • Алдын-ала квалификациялық іріктеу процесін жетілдіру;

  • Цифрлық форматқа толықтай көшу;

  • Сатып алулар жүйесін жетілдірудің нәтижесі.

«Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Болат Жұмағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу методология қызметінің басшысы Мұхит Магажанов және «Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook«Вконтакте»TwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, YouTube ресми арнасынан, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу