Президент Қ. Тоқаев АӨК реттеуге өзгерістер енгізу туралы ҚР Заңына қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу