ҚР Президенті Н.Назарбаев чех бизнесін Қазақстан экономикасына инвестициялауға шақырды

Қазақстан аумағында өндірісті негіздеген чех кәсіпкерлері  жаңа перспективалық өткізу нарықтарына ие болады, оның ішінде Қытай мен Ресей бар, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Чехия бизнес-форумы барысында.

«Бізде осындай ой пайда болды. Біз өз өндірістерін осында көшіруді ұсындық: өз зауыттарыңызды салып, тек осы жерде ғана сіздер барлық Орталық Азия, Ресей және Батыс Қытай үшін нарық таба аласыз», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен, Мемлекет басшысы Қазақстанда жүк көліктерін құрастыруды жүзеге асыруды ұсынды.  

Бүгінгі таңда Қазақстанда Чехияның 70 компаниясы жұмыс істеп жатыр. Атап айтар болсақ олар энергетикалық, медициналық, машинақұрастыру, химия және өзге де сала өкілдері, 

«Тауар айналымы уақыт өткен сайын артуда. Чехияның машинақұрастыру саласы өнімдерінің импорты қарқын алуда. Өткен жылы бұл көрсеткіш 450 млн долларды құрады. 2005 жылдан бері бұл елден келетін тікелей инвестиция көлемі 200 млн долларды құрады. Алдағы уақытта бұл көлем әлі де көбейеді.Бүгінгі таңда Қазақстанда Чехияның 70 компаниясы жұмыс істеп жатыр. Атап айтар болсақ олар энергетикалық, медициналық, машинақұрастыру, химия және өзге де сала өкілдері», - дейді Елбасы. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанда чехия компанияларының қатысуымен 80 шақты бірлкескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Қазақстан Чехияға мұнай-газ және химия саласы өнімдерін сатады. Өз кезегінде ол жақтан Қазақстанға құрылғылар, фармацевтикалық өнімдер мен халықтық тұтыну тауарлары тасымалданады.

Өз кезегінде Н.Назарбаев аталмыш форумның алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықы одан ары дамытатынына сенім білдірді. «Біз Чехия Президентімен бүгін жемісті келіссөз өткіздік. Ол екіжақты және көпжақты форматта. Сыртқы саясаттағы, өңірлік мәселелерді де назардан тыс қалдырмадық. Біздің көп мәселеде пікірлеріміз бір арада тоғысады», - дейді Елбасы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу