Президент тапсырмаларын орындау: Қазақстанда бөлек 7 кодекс әзірленеді

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын тиімді және уақытылы орындау үшін заң шығару жұмысы сапалы жүруі керек. Осы бағытта қандай жүйелі шаралар қабылданып жатқаны туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет министрі Қанат Мусин айтып берді. 

Министрдің айтуы бойынша, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында жүйелі, оның ішінде заңнамалық шаралар жүргізу қажет. 

Атап айтқанда, жекелеген 7 кодекс пен заңдарды әзірлеуді және қабылдауды, сондай-ақ 40–тан астам заңға өзгерістер енгізу, сондай-ақ 65-ге жуық заңға тәуелді актілерді қабылдауды талап ететін 30-дан астам іс-шара іске асырылатын болады.

Барлық көрсетілген құжаттар бойынша Әділет министрлігі қолданыстағы құзырет аясында тікелей қатысатын болады.

Президент Әділет министрлігіне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын түзетуді жүктеуді тапсырды. Біріншіден, көрсетілгендер «Әділет органдары туралы» заңға, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне заңнамалық түзетулерді талап етеді.

«Біз бұл жұмысты бастадық және бұл түзетулер осы жылдың соңына дейін қабылданады деп болжануда», — деді Қанат Мусин.

Екіншіден, кадрлық әлеуетті нығайту және заң шығару қызметінің сапасын арттыру бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдау. 

Үшіншіден, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жүргізуге келер болсақ, бұл ауқымды жұмыс және мамандарды, ғалымдар мен практиктерді тартуды талап етеді. Министр оны аяқтап, тиісті заң жобасын 2023 жылдың тамызына дейін әзірлеуді және оны 2023 жылдың соңына дейін Парламентке енгізуді көздеп отырғанын айтты. 

«Мемлекет басшысы Жолдауда рәсімдік-процессуалдық кодекске мемлекеттік органдармен әкімшілік теріс қылықтар мен азаматтық-құқықтық даулардың кең ауқымын беру бөлігінде әкімшілік әділет саласын кеңейтуді атап өтті. Бұл отандық сот төрелігін ізгілікті және әділетті етуге мүмкіндік береді», — деді Қанат Мусин.

Осыған байланысты әкімшілік әділет саласына даулар мен құқық бұзушылықтарды беру мүмкіндігі тұрғысынан заңдарға ревизия жүргізу талап етіледі. Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеп, 2023 жылдың соңына дейін Парламентке енгізуді жоспарлап отыр.

Президент заңдарды әртүрлі түсіндіруге сілтеме жасай отырып, мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешуге бағытталған шаралар қабылдау міндетін қойды.

Осыған байланысты Әділет министрлігі мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Үкімет актілерін ресми түсіндіруді жүзеге асыратынын ескере отырып, мұндай дауларды шешуді Әділет министрлігіне бекіту ұсынылады. Көрсетілгендер заңдарға түзетулерді талап етеді, олар осы жылдың соңына дейін қабылданбақ.

«Барлық көрсетілген міндеттер сапалы және мерзімінде орындалатын болады», — деді әділет министрі Қанат Мусин.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу