Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан мен Швейцария Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді

Жұма, 22 Қараша 2019, 16:28:08

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ули Маурер бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Ақорда» резиденциясында бірлескен брифинг өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Швейцария Президентінің екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Ули Маурермен жүргізген келіссөздер өзара сенім әрі түсіністік рухында өткенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияны Қазақстанның саяси тұрғыдан Еуропадағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, екі елдің өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі, соның ішінде Сириядағы қақтығысты реттеу мәселесіндегі ұстанымдары ортақ.

«Қазақстан Сирия ісі бойынша Астана процесін өткізуге арналған алаң ұсынады және ол Женева процесін толықтырады», — деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцария арасындағы әріптестікте экономика саласы негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

«Бүгінде Швейцария Конфедерациясы біздің экономикамызға қаржы құю мөлшері бойынша үшінші инвестор саналады және Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің алғашқы ондығына кіреді. Соңғы 15 жылда швейцариялық инвестиция көлемі $24 млрд асты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы $3 млрд асты», — деді Мемлекет басшысы.

Президент келіссөздер барысында тараптардың шикізаттық емес тауарлардың компонентін және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін тауар айналымының құрылымын әртараптандыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттігіне назар аударғанын атап өтті.

«Бізге жаңа жоғары технологиялық "зәкірлі жобалар" қажет. Атап айтқанда, Қазақстанда инновациялық өндірістер құруға, жоғары технологиялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина және фармацевтика саласындағы жобаларды іске асыруға үлкен сұраныс бар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы машина жасау, химия, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, туризм және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар бірлескен жобалардың келешегі мол екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Швейцарияның әлемдегі маңызды қаржы орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін ескере отырып, екі елдің көшбасшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Швейцарияның қаржы секторы арасындағы өзара іс-қимылдар перспективасының бар екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев іргелес нарықтарға өнім экспорттау үшін Қазақстанда бірлескен өндірістер ашуға қатысты жобалар бойынша қызығушылық білдірген швейцариялық инвесторларға жан-жақты көмек көрсетуге әзір екенін айтты. Сондай-ақ Швейцария Президенті Нұр-Сұлтанға бизнес-делегация өкілдігімен бірге келгенін, бұл көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біз швейцариялық компаниялардың маңызды ұсыныстарын мұқият тыңдадық. Бұл ұсыныстар бойынша қазақстандық әріптестеріңіз жан-жақты талдау жасайды», — деді Қазақстан Президенті.

Швейцария Президенті екі ел арасындағы қатынастардың, оның ішінде саяси және сауда-экономикалық бағыттары қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.

Ули Маурер Қазақстанның маңызды геостратегиялық орналасу жағдайына назар аударып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыруда еліміздің рөліне тоқталды. Оның пікірінше, Қазақстан алдағы уақытта Азия мен Еуропаны жалғастырып тұратын көпір болып қала бермек.

Швейцария Президенті экономика саласынан бөлек, технология, қызмет көрсету, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтарды нығайтуды ұсынды.

«Біз Нұр-Сұлтан мен Цюрих арасында тікелей әуе қатынасын ашуымыз керек. Бұл екі ел халқының бірін-бірі танып, жақындай түсуіне жол ашады. Біздің ынтымақтастығымыздың негізгі мәні де осы», — деді Ули Маурер.


Жаңалықтар тізбегі
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.