Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020–2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы: жан басына шаққанда ЖІӨ $14,3 мыңға дейін ұлғаяды

Сейсенбі, 27 Тамыз 2019, 15:11:00

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2020–2024 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. 

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, сыртқы параметрлердің өзгерістеріне байланысты Қазақстан экономикасының дамуының үш мүмкін болатын сценарийі қарастырылған. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастыру негізіне базалық сценарий алынған. Ол мұнай бағасын $55 көлемінде шамалайды. Нақты ЖІӨ өсімі 2020 жылы 4,1% деңгейінде болжалып отыр. 2024 жылы ол 4,7%-ға жетеді. 5 жылда ЖІӨ өсімінің орташа жылдық қарқыны 4,4% құрайды. 

«Экономиканың тұрақты әрі бірізді динамиканы жалпы қорлану, ішкі тұтынудың орташа өсімі мен экспорт есебінен қамтамасыз етілетін болады. Инвестициялар экономикалық өсімді қолдаудың маңызды факторына айналады», — деді Р. Дәленов.

Салалық бөлінісінде негізгі өсім шикізаттық емес секторға тиесілі болады. Бұлар — өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және құрылыс саласы. Аталған салаларда орташа өсім 4,7% құрайды. ЖІӨ өсіміне салымдар 3,5 п.т. құрайды. 

Мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 млн тоннадан 2024 жылы 100 млн тоннаға дейін өседі. Бұл Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын кеңейту, сондай-ақ теңіз кен орындарын пайдалануға беру жобалары есебінен мүмкін болады. 

Номиналды жалпы ішкі өнім 2020 жылы 75 трлн теңгеден 2024 жылы 106 трлн теңгеге дейін өседі. 

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2020 жылы $10,5 мың құрайды, 2024 жылы $14,3 мыңға дейін ұлғаяды.

Экспорт орташа қарқынмен 2,9%-ға өсіп, 2024 жылы $63 млрд-қа жетеді. Орташа жылдық импорт өсімі 2,5% деңгейінде қалыптасып, 2024 жылы $37 млрд құрайды. 

2020-2021 жылдары жылдық инфляцияның мақсатты дәлізі 4-6% шегінде сақталған. 2022-2024 жылдары — 3-5%. Жұмыссыздық 2024 жылы 4,7%-ға дейін төмендейді. 

Макроэкономикалық болжам негізінде 2020-2022  жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы әзірленген. 

«Трансферттерді ескерусіз республикалық бюджет кірістері болжам бойынша 2020 жылы 8 трлн теңгені, 2021 жылы – 8,6 трлн теңгені, 2022 жылы – 9,4 трлн теңгені құрайды», — деді Р. Дәленов.

2020 жылы бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге шаққанда 2,1% деңгейінде анықтау ұсынылады, 2021 жылы ол біртіндеп  ЖІӨ-ге шаққанда 1,5%-ға дейін, 2022 жылы ЖІӨ-ге шаққанда 1%-ға дейін төмендейді. 

2020 жылы мұнай тапшылығы ЖІӨ-ге шаққанда 7%-ға дейін төмендейді ( 2019 жылы ЖІӨ-ге шаққанда 8,5%), 2022 жылы ол біртіндеп  ЖІӨ-ге шаққанда 5,1%-ға дейін төмендейді. 

Аталған параметрлерді ескерумен республикалық бюджет шығыстары 2020 жылы  12,7 трлн теңге, 2021 жылы — 13,2 трлн теңге, 2022 жылы — 13,6 трлн теңге көлемінде болжалып отыр. 

Сонымен қатар бұл мәселе туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев баяндама жасады. Оның айтуынша, Ұлттық Банктің негізгі мақсаты — инфляцияны 2019–2021 жылдары 4-6% шегінде сақтау және кейіннен 2022–2024 жылдары 3-5%-ға дейін төмендету. Бағалау бойынша, инфляция болжамдық аралықта нысаналы дәлізде болады.

«Биылғы сәуірдегі болжамның бірінші кезеңімен салыстырғанда біз 2019 жылға арналған импорт серпінін қайта қарадық. Бұл 2018 жылғы номиналды ЖІӨ бойынша нақты деректерді 59,6 трлн теңгеден 61,8 трлн теңгеге дейін және тиісінше 2019 жылы – 67,7 трлн теңгеге дейін нақтылаумен, яғни 2,2 трлн теңгеге өсумен байланысты. Нәтижесінде тауарлар импорты сәуірдегі $34 млрд-қа бағалаумен салыстырғанда 2019 жылы $33,7 млрд-қа бағаланады», — деді Е. Досаев.

2019 жылы ағымдағы шот тапшылығы 2018 жылғы нөлдік сальдомен салыстырғанда ЖІӨ-ден 2,7% құрайды. 2020–2024 жылдары ағымдағы шот тапшылығы 2020 жылы ЖІӨ-ден 4,1%-дан 2023–2024 жылдары ЖІӨ-ден 2,3%-ға дейін болжанады.

Баяндамалар жасалған соң ҚР Үкіметінің мүшелері 2020–2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
16 Мамыр 2020, 21:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Мамыр 2020, 14:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласының дамуымен және Абайдың 175 жылдығына дайындығымен танысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.