Фармацевтика саласы, өнеркәсіп және инвестициялар өсімі — Қарағанды облысының 2020 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қарағанды облысы — қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптік өңір. Карантин жағдайына қарамастан, облыс экономикалық өсім үрдісін сақтап отыр. 7 ай ішінде облыстың өнеркәсіп көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,4%-ға артты. Инвестиция көлемі бойынша Қарағанды облысы еліміздің үздік төрт өңірінің қатарына кіреді. Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы толығырақ шолу материалынан оқыңыздар.

Қарағанды облысының әкімдігінде хабарланғандай, 2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.

2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемінің өсуі 104%-ды құрады.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 100,9%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар-шілде айларында 1 595,6 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 104,2%-ды немесе көмір өндірудің 1%-ға, темір кенінің 3,7%-ға, өзге де пайдалы қазбалардың 50,2%-ға өсуі есебінен 206,4 млрд теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1 250 млрд теңгені, нақты көлем индексі 103,9%-ды құрады.

Түсті металлургияда 8,9%-ға, қара металлургияда 0,3%-ға, фармацевтикада 3,4 есе, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 5,4%-ға, азық-түлік өнімдерінде 18,5%-ға, химия өнеркәсібінде 24,9%-ға өсім байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2019 жылғы қаңтар-шілдеге 3,1%-ды немесе мал шаруашылығының 3,5%-ға өсуі есебінен 127,4 млрд теңгені құрады.

Тұрғын үй құрылысында жыл қорытындысы бойынша 40%-ға өсім болжануда. 7 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 187,1 млрд теңгені құрады. 237,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 373,2 млрд теңге деңгейінде қалыптасты.

Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсімі 191,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке — 76,7 млрд теңге, жергілікті бюджетке — 114,7 млрд теңге.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 88 541 бірлікті немесе 2019 жылғы қаңтар-шілдеге 100,9%-ды құрады.

2020 жылдың II тоқсанында орташа айлық жалақы 200 625 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес деңгейінен 18,6%-ға жоғары. Нақты жалақы индексі — 111,5%.

 

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралар

Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында облыста 2020-2022 жылдарға арналған Қарағанды облысындағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды сақтау және жедел ден қою бойынша дағдарысқа қарсы жоспар әзірленіп, іске асырылып жатыр. 2020 жылғы маусым айында ол 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі республикалық кешенді жоспарды ескере отырып өзектендірілді.

Қосымша 11 іс-шара енгізілді, оның ішінде:

1. «Даму» КДҚ» АҚ кепілдік беру құралдарын пайдалана отырып, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша жылдық 6% мөлшерлеме бойынша жеңілдікті микрокредиттеумен қамту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізбесінің жобасын қалыптастыру;

2. Стратегиялық жобалар үшін инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу;

3. Әрбір инвесторға мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын айқындай отырып, ірі инвестициялық жобаларды іріктеу мәселесін пысықтау. Әрбір жобаға жеке жоспарлар әзірлеу;

4. Басқарылатын урбанизацияны қамтамасыз ету аясында инфрақұрылымды дамыту:

  • ірі қалалардың шеттері;
  • моно- және шағын қалалар;

5. Өнімді жұмыспен қамтудың және іскерлік белсенділіктің өзге де нысандары үшін, оның ішінде шағын бизнеске несие беру үшін Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын қаржыландыруға көзделген қаражаттың бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі бойынша ұсыныстар енгізуге талдау жүргізу;

6. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын жұмыс орындарын, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал ететін ұзақ мерзімді экономикалық активтер мен объектілерді (мектептер, ауруханалар, ТКШ объектілері, инженерлік-көліктік инфрақұрылым және т. б.) құруға бағдарланған тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;

7. Білім беру ұйымдары педагогтарының АТ-біліктілігін арттыру;

8. Заманауи қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, балалар мен студенттерді қашықтан оқыту тетіктері мен әдістерін әзірлеу. Еліміздің барлық оқу орындарын нақты цифрландыруды аяқтау;

9. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттерден мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуды қамтамасыз ету;

10. Халықтың жаппай баратын орындарын (білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, авто және темір жол вокзалдары, әуежайлар және т. б.) тепловизорлармен қамтамасыз ету;

11. ӘМАТӨ-ге белгіленген шекті бағаларды, әкімшілендіру талаптары мен рәсімдерін қайта қарауға талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу.

Экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында салалардағы жұмыс өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, сауда, көлік, инвестициялар секілді бағыттарды іске асыруға бағдарланған.

Өнеркәсіптегі оң динамика тау-кен өндіру өнеркәсібінің 4,2%-ға және өңдеу өнеркәсібінің 3,9%-ға өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмысына келер болсақ, металдарға бағаның төмендеуі және карантин шараларымен байланысты нарық қажеттілігінің қысқаруы жағдайында облыс кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеуде.

Саран қаласындағы бұрынғы РТИ зауытының базасында «Yutong» трансұлттық қытай компаниясымен бірлесіп, 1000 жұмыс орнын құрумен «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы техника өндірісі бойынша жоба іске асырыла бастады. Тиісті келісімге биылғы жылдың мамыр айында Премьер-Министр Асқар Маминнің өңірге сапары аясында қол қойылды. Инвестицияның жалпы көлемі 22 млрд теңгені құрады. Жыл сайын 1 200 автобус пен 400 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік шығару жоспарланған.

PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында «QazTechna» ЖШС директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Ермек Омаров зауытта дизель, газ және электр автобустары шығарылатынын атап өтті.

Бұл алаңдағы екінші жоба — 1 000 жұмыс орнын құрумен автомобиль шиналарын өндіру.

Жыл қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары бойынша 8 мың жұмыс орнын құра отырып, шамамен 2 500 (2 449) бизнес-жобаны қаржылық шаралармен қолдау және ШОК субъектілеріне жеңілдетілген несие беру (8%-бен) жоспарланған.

2 мыңға жуық кәсіпкерді қаржылық емес шаралармен қамту жоспарланып отыр.

«Бастау-Бизнес» бойынша сабақтар 10 маусымнан бастап қашықтан өте бастады.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Кәсіпкерлер палатасы алаңында 80 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Облыста жұмыспен қамту мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 64,7 млрд теңгеге 627 жобаны іске асыру жоспарланған, ол 16,1 мың жұмыс орнын құрайды.

Қазірдің өзінде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда шамамен 13 мың жұмыс орны, оның ішінде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 5157 жұмыс орны құрылды.

Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 30 813 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

01.08.2020 жылғы жағдай бойынша 22 340 немесе 73% жұмыс орны құрылды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі бағыт — 2019 жылға қарағанда 9,1% өсіммен ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту, осы жылдың жоспары — 31 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен кемінде 21,1 млрд теңге табу.

Биыл 3,4 млрд теңгеге 23 жоба (295 жұмыс орны) іске қосылады деп күтілуде.

 

Пандемияның өңір экономикасына тигізген әсері

Жалпы, облыс экономикасы жаһандық дағдарыс пен нарықтағы құбылмалылыққа қарамастан оң динамикамен дамып жатыр.

Рецессияға тап болған жекелеген салалар — бұл сауда және көлік салалары. Пандемия жағдайында енгізілген мәжбүрлі шектеулер олардың дамуына кері әсер етті.

Жаңа салалардың ашылуына келер болсақ, коронавирус инфекциясының пандемиясы қарағандылық кәсіпкерлерді жаңа сервистерді шұғыл енгізуге мәжбүр етті.

Мәселен, онлайн-сауда, тамақ пен тауарларды жеткізу бойынша онлайн-қызметтер, логистика қызмет көрсету саласында трендке айналды. Сонымен қатар онлайн-білім беру, спорт және денсаулық сақтау қарқынды дамып келеді.

Қазіргі кезде облыс кәсіпкерлері креативті көзқарас танытып, табыс табу жолдарын тауып, жаңа жағдайларға бейімделіп жатыр.

Мысалы, көптеген тігін цехтары маскалар шығара бастады, біреулері дезинфекциялық құралдар өндірісіне көшті.

Бұл жағдайда бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр деп айта аламыз — бұл АТ технологияларын қолдану, жаңа смарт-қосымшаларды әзірлеу, қазіргі жағдайда тұтынушылар үшін қолжетімді нарықтың жаңа сегменттерін іздестіру.

 

Облыста ауыл шаруашылығы қарқынды түрде дамуда

Облыс әкімдігінде хабарланғандай, жыл сайын ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі артып келеді. 2019 жылы көлем 337,9 млрд теңгені немесе 2018 жылғы деңгейге қарағанда 121,7%-ды құрады.

Мал шаруашылығы өнімінің өсімі: ет — 4,8%, сүт — 2,1%, жұмыртқа — 2,9% құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімі: картоп — 6,6%, көкөністер — 3,6%, астық — 826,2 мың тоннаны құрады.

2020 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің көлемі 127,4 млрд теңгені құрады.

2020 жылға қайта өңделген өнім экспортының $49,9 млн сомасына 7%-ға — 160,9 мың тоннаға дейін өсуі жоспарлануда. Қайта өңделген өнім экспорты ұн, маргарин және макарон өнімдерінің көлемін ұлғайту есебінен көзделген.

2020 жылдың 5 айында $18 154,6 мың сомасына 63 176,5 тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды. 37 405,6 тонна көлемінде ұн, 10 909,8 тонна картоп, 4 531,4 тонна маргарин және 3 609 тонна бидай экспортталды.

2020 жылы барлығы 917,4 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 24,4 мың га майлы дақылдар, 1630 га көкөніс, 10 666 га картоп, 63,7 мың га жем-шөп егілді.

2020 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау 21,1 млрд теңгені, өсімдік шаруашылығы бойынша 2,8 млрд теңгені, мал шаруашылығы — 5,5 млрд теңгені, инвестициялық субсидиялау, қайта өңдеу және басқа да бағыттар бойынша — 12,8 млрд теңгені құрайды.

2020 жылғы қаңтар-шілде айларында 10 733,2 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, 3 725 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші субсидия алды, оның ішінде мына салалар бойынша:

  • Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау — 2109 млн теңге;

  • Инвестициялық салымдар кезіндегі агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің шығыстарының бір бөлігін өтеу — 3695 млн теңге (968 АШТӨ);

  • Мал шаруашылығын субсидиялау — 3424 млн теңге (1683 АШТӨ);

  • АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау — 51,7 млн теңге шегінде (1 АШТӨ);

  • Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты аясында кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау — 55,8 млн теңге — 4 АШТӨ);

  • Несие беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау — 1320 млн теңге (651 АШТӨ);

  • Қайта өңдеуші кәсіпорындардың мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау — 77,7 млн теңге (4 АШТӨ).

 

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тапсырыстардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген

2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 трлн-нан астам теңгені құрады.

Облыстың негізгі өнеркәсіптік өндірісі өңдеуші сектор салаларында шоғырланған.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 87 ірі және орта кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады. Өнеркәсіпте 90 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіп өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 0,2%-ын алады. Жеңіл өнеркәсіп үш бағытта жұмыс істейді: жалпы көлемнің 75% үлесі бар киім өндірісі (негізінен формалы және жұмысқа арналған арнайы киім), былғарыдан жасалған бұйымдар 12% (аяқ киім) және тоқыма бұйымдары 13% (төсек-орын жабдығы, асхана киімдері).

Бүгінгі таңда өткен жылға қарағанда тоқыма бұйымдары мен былғарыдан жасалған бұйымдар өсіммен шығарылып жатыр. Саланың төмендеуінің негізгі себебі — жұмыс киімі (36%-ға) және шұлық-ұйық бұйымдары (11,8%-ға) өндірісінің азаюы. Осы бағыттағы негізгі кәсіпорындардың бірі — «Теміртау асошиэйтс» ЖШС Теміртау тігін фабрикасы.

Карантин кезеңінде маска тігу көлемін ұлғайту мақсатында осы жылдың сәуір айының басында бір жарым айға арнайы киім өндірісі уақытша тоқтатылды. Арнайы киім тігу мамыр айының ортасында қайта басталды. Сондай-ақ биылғы жылдың мамыр айындағы қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шұлық-ұйық цехындағы өндіріс екі апта мерзімге тоқтатылды. Бұл жағдай өткен жылғы кезеңге қарағанда көлемдердің төмендеуінің негізгі себебі болды.

Бүгінде кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істейді.

Жалпы алғанда, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары саладағы жағдайды одан әрі жақсарту үшін тапсырыстардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. 2020 жылға арналған жоспар 5,5 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі кезде Қарағанды облысының аумағында 150-ге жуық құрылыс материалдарын өндіруші жұмыс істейді (оның 92%-ы — шағын кәсіпорындар).

Облыста цемент, темір-бетон бұйымдары, металл-пластикалық бұйымдар, шұңғылшалар (раковина), радиаторлар, сұрыптай илемдеу (арматура), металл және пластикалық құбырлар, табиғи құмдар, қиыршық тас, құрғақ құрылыс қоспалары және т. б. секілді тауарлық позициялар бойынша өндірістік қуаттар бар.

Осы саланың негізгі кәсіпорындары: «Карцемент» АҚ, «Central Asia Cement» АҚ, «Қарағанды Имсталькон металл конструкциялар зауыты» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «ККК Бетон» ЖШС және т. б.

Аталған саланы дамыту үшін Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері Индустрияландыру картасы аясында 13 жоба іске қосылды, шамамен 25 млрд теңге инвестиция салынды, мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Азық-түлік өнімдерін өндіру үлесі Қарағанды облысының өңдеу өнеркәсібі құрылымында 6,7%-ды құрайды және май өнімдері, ұн тарту және нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінен тұрады.

Экспортқа бағытталған негізгі елдер — Өзбекстан, Ауғанстан, Қырғызстан. Осы жылдың 5 айында Өзбекстанға 26 191,1 тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, оның ішінде 7 690,9 тонна ұн, 3 049 тонна бидай, Ауғанстанға — 15 817,7 тонна, 15 596,8 тонна ұн, Қырғызстанға — 14 407,2 тонна, оның ішінде 11 066,2 тонна ұн, 2 064,8 тонна маргарин экспортталды.

Облыстың азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындары: «Евразиан Фудс» АҚ (маргарин өндірісі), «Қарағанды ұн тарту комбинаты» ЖШС (ұн өндірісі), «Мутлу» ЖШС (ұн өндірісі), «BEST Mill» ЖШС (ұн өндірісі), «Атамекен Компани» ЖШС (ұн өндірісі), «Ақжайық 2011» ЖШС (ұн өндірісі), «Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС (нан-тоқаш өнімдерін өндіру).

Машина жасау өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 6,8%-ын алады. 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша НКИ 95,5%-ды құрады, өндіріс көлемі — 84,9 млрд теңге (2019 жылғы қаңтар-маусымда 79,5 млрд теңге). 

Машина жасаудың негізгі үлесі – 75% — бұл машиналар мен жабдықтарды жөндеу қызметтері. 

Аталған саланың кәсіпорындары: «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС, «Борусан Макина Қазақстан» ЖК ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС, «Мэйкер» ЖШС.

Қаңтар-шілдеде жөндеу бойынша қызметтер көлемі 16,2%-ға артты.

 

Өңірлік жобаларды қолдау

Облыста басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыру мониторингі бойынша Өңірлік жобалық офис жұмыс істейді, оған әкімнің орынбасары, облыстық басқармалардың басшылары, «Даму» АҚ КҚ және Кәсіпкерлер палатасы кірді. Аймақта өндірілетін өнімдерге, сондай-ақ бағдарламаға әлеуетті қатыса алатын кәсіпорындарға талдау жасалды. Талдау қорытындысы бойынша 2800-ден астам компания кірген, АӨК, азық-түлік өндірісі, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі және т. б. салалар бойынша тізім жасалды.

Қазіргі кезде 134,9 млрд теңгеден астам сомаға бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының 216 кәсіпорны анықталды: 23,4 млрд теңгеге 160 жоба мақұлданды, оның ішінде 8,3 млрд теңгеге 123 жоба қаржыландырылды, 1,3 млрд теңгеге 114 шарт жасалды, 3 млрд теңгеге 12 жоба қаралуда, 108,5 млрд теңгеге 44 жоба идея сатысында.

Өңдеу өнеркәсібі саласында 2020 жылы 4,5 млрд теңгеге 10 жобаға қолдау көрсетілді (бұл құрылыс пластикалық бұйымдарын, резеңке-техникалық бұйымдарды, құрама темір-бетон және бетон конструкцияларын шығару, жиһаз өнеркәсібі, болат құймалар немесе басқа да бастапқы нысандар, құрылыс болат конструкциялары, тауар үшін пластикалық орамалар, шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдар өндірісі).

Қайта өңдеу (ет өнімдерін өндіру, ұн, ірімшік өндіру) және АӨК (ІҚМ, ҰҚМ, жылқы өсіру, дәнді бұршақты дақылдарды, бидай, арпа өсіру) саласында 4,9 млрд теңге сомасына 79 жоба бар.

Қызмет көрсету саласында 0,5 млрд теңгеге 2 жобаға қолдау көрсетілді (мектепке дейінгі білім беру және денсаулық сақтау). «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асырудың 2 жылында барлығы 1 925 жұмыс орны құрылды.

 

Инвестициялар көлемі 2020 жылдың жарты жылында 8,3%-ға өсті

Соңғы екі жылда облыста негізгі капиталға салынған инвестициялардың айтарлықтай өскені байқалады. 2019 жыл тәуелсіздік жылдарында инвестиция тарту бойынша рекордтық жыл болды, инвестициялар көлемі 2018 жылғы деңгейден екі есе асып, 811 млрд теңгені құрады. Өсім шамамен 170%-ды құрады. Мұнда жаңа республикалық жоба — «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы үлкен рөл атқарды. 2020 жылы бұл ірі жоба жоқ, алайда қарқыны сақталды — аймақ көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінде сақталды. Бірінші кезекте өткен жылға қарағанда ұлғайған өнеркәсіпке салынған инвестициялар есебінен. ШОБ саласындағы инвестициялар өсті. Жол инфрақұрылымына салынған инвестициялар едәуір артты.

Биылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 306,6 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға өсті. Негізгі үлес жеке инвестицияларға тиесілі — 86%, бұл Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар. Шетелдік инвестициялар көлемі 110 млрд теңгені құрады, үлесі 36%. Инвестициялардың негізгі көлемі немесе 68% өнеркәсіпте шоғырланған.

Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 373,2 млрд теңгені құрады. Жалпы алғанда, бүгінде облыста 13 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 2 трлн-нан астам теңгеге 44 жаңа инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, оның ішінде шетелдік капиталы бар 19 жоба бар.

Осы жылы 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 193,2 млрд теңге сомасына 14 жоба іске қосылады. Қазірдің өзінде жалпы құны 115,6 млрд теңге болатын бес жоба іске қосылды. Олар — «Алтыналмас» алтын өндіру фабрикасы, техникалық газ өндіретін зауыт, Ағадыр кентіндегі күн электр станциясы, «Global City» көтерме-логистикалық орталығы, жез бұйымдар шығаратын зауыттың бірінші кезегі.

Жыл қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 830 млрд теңге немесе 2019 жылдың деңгейіне 102,3% деңгейінде жоспарланып отыр.

Облыста инвестиция тарту үшін инвесторлармен жүйелі жұмыс жасалды.

1. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу регламенті әзірленді;

2. «Бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді;

3. Инвесторлар үшін «Шоу-рум» құрылды. Енді инвесторлармен өтетін барлық кездесулер әкімдікте емес, сол жерде өтеді. Қажет болған жағдайда «Шоу рум» олар үшін жұмыс кеңсесі болады;

4. «Сарыарқа» ӘКК тұлғасында инвестиция тарту саласында ұйым анықталды. ӘКК құрылымдық бөлімшесі инвесторларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, өңірдің инвестициялық имиджін ілгерілетеді;

5. Барлық заманауи талаптарға жауап беретін Қарағанды облысының мамандандырылған инвестициялық порталы жұмыс істейді (ақпарат орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді).

Мысалы, инвестициялық келісімшартты дайындау, жер бөлу, техникалық шарттар бойынша атқарылған жедел жұмыстың арқасында бір жылға жуық уақыт ішінде шетелдік инвесторлар 4 күн станциясын салды, жиынтық қуаты шамамен 200 мВт, инвестициялары — 63 млрд теңге, 90 жаңа жұмыс орны.

Соның нәтижесінде, соңғы жылдары облысқа салынған инвестициялар ағыны үнемі артып келеді.

 

2020 жылдың І тоқсанында ШОБ шығару көлемі 291,1 млрд теңгені құрады

Биыл коронавирус инфекциясы пандемиясы аясында елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты осы жылдың наурыз-сәуір айларында жұмыс істеп тұрған ШОБ санының қысқарғаны байқалды. Алайда, мамыр айынан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін бизнес қалпына келе бастады. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 88,5 мың ШОБ жұмыс істейді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары.

2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,6%-ға өсіп, 228 мың адамды құрады. ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың үлесі облыстың экономикалық белсенді халқына шаққанда 33,7%-ды құрады.

Қарағанды облысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен бизнеске көмек көрсету штабтары ашылды, онда кәсіпкерлер төтенше жағдай режиміндегі шектеулерге байланысты туындаған түрлі мәселелер бойынша жедел кеңестер мен жәрдем ала алды. Call-орталық жұмыс істейді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды, ірі сауда орталықтарының, сауда үйлерінің иелерімен жеке кездесулер өткізілуде, олардың аясында жүктемені азайту үшін бірыңғай шараларды әзірлеу бойынша мәселелер талқыланады.

 

Карантин кезеңінде 30 мыңнан астам ШОБ субъектісі салық төлемдерін кейінге қалдырды

Бүгінгі таңда 86 сауда орталығымен жұмыс жүргізілді. Жалға алушылар мен жалға берушілер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен ортақ келісімге келеді және жалға алушыларға жалға алу құнынан 50%-ға дейін толық босату немесе жұмыс уақытын ескере отырып, қайта есептеу ұсынылады.

Жалдау ақысының мөлшерін төмендету, базарлардағы сауда орындары мен СОСО-дағы сауда алаңдарын жалдау төлемін кейінге қалдыру мәселесі тұрақты бақылауға алынған. Қарағанды облысында 23,3 млрд теңге сомасына 30 мыңнан астам ШОБ субъектісі карантиндік шаралардың қолданылу кезеңінде салық төлемдерін кейінге қалдырды.

Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар бизнес үшін айтарлықтай қолдау болды. Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайын нашарлатқан шағын және орта бизнесті қолдау үшін 8% жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда облыстың 111 кәсіпкері осы қолдауды пайдалануда.

Сондай-ақ қалыптасқан жағымсыз жағдайдан зардап шеккен ШОБ-тың барлық кредиттері бойынша негізгі қарыз және сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру бойынша екінші деңгейлі банктермен жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың 11 тамызындағы жағдай бойынша банктер 256 клиентке несиелер, негізгі борыш және пайыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырды.

717 коммерциялық жалдау шарты бойынша жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алу үшін 58 млн теңгеге есептеу тоқтатылды.

 

Карантин кезеңінде облыстың 118 853 тұрғынына әлеуметтік төлем тағайындалды

Қатаң карантин шараларының қабылдануына байланысты табысынан айырылған жандарға біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді.

18 аудандық (қалалық) штабтың жұмысы жүзеге асырылуда, оларда өтініштер қаралады. Биылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша облыста 130 307 адам өтініш білдірді, оның ішінде проактивті форматта — 43 612, штабтарға — 28 705 өтініш түсті. Әлеуметтік төлем 5 млрд теңге сомасына 118 853 адамға тағайындалды. Штабқа түскен 28 705 өтінімнің 19 280-і мақұлданды, 9 289 өтінім қабылданбады.

 

«Нұрлы жер» аясында биылғы 7 айда 237 мың м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша

Биыл республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 31 жобаны іске асыруға 8,6 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік осал топтар, ЖАО кезекте тұрғандар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің 1 059 пәтерін салу және пайдалануға беру жоспарлануда.

Әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бойынша

Биыл мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен 18 жобаны іске асыруға 10,2 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік осал топтар, ЖАО кезекте тұрғандар үшін сатып алу құқығынсыз 926 кредиттік тұрғын үй салу және пайдалануға беру жоспарлануда.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша

2020 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 48 нысанын салуға 4,9 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Осы жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша жеке құрылыстың 1 700-ден астам жер телімі, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлер қамтамасыз етілетін болады.

7-20-25

2018 жылдан бастап 7-20-25 бағдарламасы жұмыс істей бастағаннан бері облыста тұрғындар бастапқы тұрғын үй сатып алуға 1 537 өтінім жіберді. 6 тамыздағы жағдай бойынша 9,6 млрд теңге сомасына 887 өтінім мақұлданды.

Биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өңір аумағында жалпы ұзындығы 1 130 км, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бюджеті 119 млрд теңге болатын 36 жобасы іске асырылуда.

 

Жалпы ұзындығы 553 км 32 автожол жөнделді

Облыстың барлық аудандарында 250 ауылдық елді мекенде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық маңызы бар автожолдарда «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізі аясында төрт инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда: жалпы ұзындығы 576 шақырым болатын — «Теміртау – Қарағанды» 14 км, «Қарағанды қаласының солтүстік және шығыс айналма жолдары» 48 км, «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» 150 км учаскелері.

«Теміртау – Қарағанды», «Қарағанды қаласының солтүстік және шығыс айналма жолдары» учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысы ашылды. Жол-құрылыс маусымының соңына дейін абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Тамыз айында 9 жол айрығында жұмыстар аяқталады.

Халықаралық банктердің қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын «Қарағанды – Балқаш», «Балқаш – Бурылбайтал» жобалары бойынша жұмыстар 2019 жылдан бастап жүргізілуде, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес атқарылып жатыр.

Жалпы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру есебінен облыс экономикасы айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық тиімділікке ие болады, көлік инфрақұрылымының жай-күйі жақсарады, республикалық және жергілікті автомобиль жолдарының өткізу қабілеті артады. Жоспарланған көрсеткіштер мен іс-шаралар толық көлемде орындалады.

 

«Еңбек» бағдарламасымен 43 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған

«Еңбек» бағдарламасы аясында осы жылы 2374,5 млн теңге сомасына 522 микрокредит берілді, оның ішінде қалаларда — 45 (521,1 млн теңге), ауылдарда — 477 (1853,4 млн теңге). Жыл соңына дейін тағы 600-ден астам шағын несие беру жоспарлануда.

Қалаларда бизнес жобаларының басым бөлігі қызмет көрсету және сауда саласын дамытуға, ауылдарда — мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған. Соның нәтижесінде 3 160 жұмыс орны құрылды.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Бағдарламаға 23 мыңнан астам адам қатысты.

Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 546 адам немесе жоспардан 94% жіберілді. «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2409 адам немесе жоспардан 134% бағытталды. Оқыту онлайн-режимде жүргізіледі. 498 шағын несие немесе жылдық жоспардан 46%-ы берілді, оның ішінде: ауылда — 386, қалада — 40 шағын несие, сондай-ақ мерзімінен бұрын өтелген қаражат есебінен 72 шағын несие берілді.

Бүгінгі таңда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 584 мемлекеттік грант берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 638 адам жіберілді. Жастар тәжірибесіне 944 адам бағытталды. Қоғамдық жұмыстарға — 5 904 адам. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында аталған бағдарламаны іске асыруға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді, бұл тағы 4 348 адамды қамтуға мүмкіндік береді.

 

Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірде 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Өңірде «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары және бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламалары іске асырылуда. Биыл 1 500 кәсіпкер бизнесті қолдау шараларын пайдаланды. Жалпы бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру есебінен 8 мың жұмыс орнын құру жоспарланған.

2020 жылдың 7 айында 2 771 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Еңбек нарығындағы белсенді саясаттың нәтижесінде 2019 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейінің 0,1 пайыздық тармаққа төмендегені байқалады.

Облыста жұмыспен қамту мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 64,7 млрд теңгеге 627 жобаны іске асыру жоспарланған, ол 16,1 мың жұмыс орнын құрайды. Қазірдің өзінде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда 12,905 мың жұмыс орны құрылды. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 30 813 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 22 340 жұмыс орны құрылды.

 

Облысты цифрландыру жұмыстары 11 бағыт бойынша жүргізілуде

Денсаулық сақтау саласында барлық медициналық ұйымдар өңірлік Кешенді медициналық ақпараттық жүйе базасында бірыңғай ақпараттық алаңда жұмыс істейді. Облыстың 400 мыңнан астам тұрғыны белсенді пайдаланатын «ДамуМед» мобильді қосымшасы әзірленді.

Бүгінгі таңда 1,3 млн-нан астам электрондық денсаулық паспорты құрылды, бұл облыс халқының 94%-ын құрайды. Медициналық мекемелерге пациенттердің кезегі мен қайта жүгінуі қысқарды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін пациенттің жеке кабинеті әзірленді, онда мобильді қосымшадағыдай қабылдауға жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қарауға және т. б. болады. Мобильді қосымшаға дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеру функционалы қосылды, онда дәрі бағасы мен байланыс нөмірлері көрсетілген. Сондай-ақ мобильді қосымшада бейнеконсультациялар функционалы іске қосылған, бұл сервис ТЖ және карантин режимінде аса өзекті.

Білім беру саласында «Білімал» ақпараттық жүйелерінің бірыңғай кешені жұмыс істейді, оған облыс мектептерінің 100%-ы қосылған. Облыстың 538 мектепке дейінгі ұйымында (100%) балабақшаларға өтініш беру мен кезектілікті автоматтандыру жүйесі енгізілген. Бүгінгі таңда облыстың барлық 507 мектебінде 1 сыныпқа қабылдау және тіркеу бойынша автоматтандырылған жүйе бар. Мектепке және ТжКББ ұйымдарына қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады. 

ТКШ саласында электр энергиясын есепке алу аспаптарымен (электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі) жарақтандыру деңгейі 94,4%-ды құрайды. Аспаптың деректерін беру мүмкіндігі бар автоматты жылу пункттерімен жабдықтау деңгейі 6,8%-ды құрайды. Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жарақтау деңгейі 86,9%-ды құрайды.


Әлеуметтік салада облыс орталығының 5 мектебінде әлеуметтік ID картасын енгізу жобасы іске асырылды. Оқушылар үшін шамамен 3 мың (2 948) осындай карталар жасалды. Жоба шеңберінде мектептерде тамақтану үшін ақы төлеу әлеуметтік ID карта арқылы жүргізіледі.

Қоғамдық көлік саласында жеке қаражат есебінен облыс орталығында электронды билеттеу және электронды диспетчерлеу жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Экология саласында өткен жылдан бастап қоршаған ортаның цифрлық мониторингі басталды, оның аясында Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларында 10 газ талдағыш орнатылды. Осы жылы тағы 20 датчикті орнату жоспарланған.

Қауіпсіздік саласында облыстың 6 өңірінде «Қарағанды облысында «Қауіпсіз қала» аппараттық-бағдарламалық кешенін құру» МЖӘ жобасы іске асырылуда.

Құрылыс саласында облыстың барлық инженерлік коммуникацияларының 51%-дан астамы цифрландырылған.

 

Биылғы қыркүйекке қарай мектептерді бейнебақылау жүйелерімен қамту 100%-ға жеткізіледі

Өңірде білім беру жүйесі тұрақты қарқынмен дамуда, Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі көрсеткіштері орындалуда. Мемлекет басшысының 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту туралы тапсырмасы іс жүзінде орындалды. Қамту мектепке дейінгі ұйымдардың, оның ішінде жекеменшік ұйымдардың желісін кеңейту есебінен ұлғайды. 2020 жылы бір балаға жұмсалатын шығындар жан басына шаққандағы қаржыландыру нормаларына дейін жеткізілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 84,4%-ды құрады.

Орта білім беру саласында 1-10 сынып оқушылары жаңартылған мазмұнға көшірілді. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі енгізілді. 5 күндік оқу аптасы енгізілді. Мұғалімдердің 85%-ға жуығы жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша курстардан өтті.

Облыста дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған «EL UMITI» республикалық жол картасы іске асырыла бастады. Жыл сайын Қарағанды қаласында республикадағы жалғыз халықаралық «Roboland» роботты техника фестивалі өтеді. Фестивальге Қазақстанның барлық облыстарының өкілдері ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдердің өкілдері де қатысады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі таңда бейнебақылау камералары білім беру ұйымдарының 95%-ында орнатылған, қыркүйекке қарай бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету 100%-ға дейін жеткізіледі. 

«Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында жергілікті бюджеттен 8 мың орын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 700 орын бөлінді. Жұмыс берушілердің көмегімен WorldSkills стандарттарын енгізу арқылы жаңа дағдыларды қалыптастыру бойынша бастама белсенді іске асырылуда. Осындай өзара іс -қимылдың нәтижесі — кәсіптік дағдыларды дамыту бойынша тоғыз құзыреттілік орталығын құру болды, олардың екеуі — тау-кен өндіру және құрылыс салаларына бағытталған өңіраралық орталықтар.

15 білім беру нысаны салынуда, оның ішінде 7 мектеп, 2 балабақша, 2 оқушылар сарайы, 3 мектеп жанындағы құрылыс. Биыл 9 нысанды іске қосу жоспарланған. 7 мектептің үшеуі апатты мектептердің орнына, төртеуі орын тапшылығы мәселесін шешу үшін салынып жатыр. Соның нәтижесінде апатты жағдайдағы мектептердің үлесі 0,5-тен 0,3%-ға дейін, үш ауысымда оқытатын мектептердің үлесі 0,5-тен 0,1%-ға дейін төмендейді.

 

Мектептерді жөндеуге 17,3 млрд теңге бөлінді

Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық жұмыстары үш бағытта жүргізілуде:

  • пандемия жағдайында оқу процесін ұйымдастыру;
  • оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
  • жөндеу жұмыстарын жүргізу.

1 қыркүйектен бастап облыстың 312 мектебінде қашықтан оқыту жоспарлануда. 193 шағын жинақты ауыл мектептері штаттық режимде оқитын болады. Биыл оқулықтарды сатып алуға 2,4 млрд теңге бөлінді. Оқулықтарды жөнелту және жеткізу 20 шілдеден бастап баспалардың кестесіне сәйкес жүргізілуде. Оқулықтарды жөнелту мониторингі күн сайын жүргізіледі.

413 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 17,3 млрд теңге бөлінді. 100 мектепте, 9 облыстық ұйымда және 15 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауылдық жерлерде — 70 нысан. Бүгінгі күні барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, 129 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сыныптардың 54 478 оқушысын қамти отырып, 4 572 кезекші сыныпты штаттық режимде оқыту жоспарлануда. Сабақтарды 3 113 бастауыш сынып мұғалімдері өткізеді, оның ішінде 1 351 педагог 2 кезекші сыныптарда жүргізеді.

 

Компьютерлермен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілуде?

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Компьютерлік техникамен қамтамасыз етуді оқушылар мен педагогтарға мектеп техникасын уақытша пайдалануға беру есебінен шешу жоспарлануда. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары қамтамасыз етіледі. Облыста осындай санаттағы 28 058 бала бар.

Осы мақсатта облыс мектептерінің компьютерлер паркін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда компьютерлік парк 35 334 бірлікті құрайды, оның ішінде — 28 412 компьютер, 5 461 ноутбук, 1 671 планшет бар.

Жыл басынан бері 3 777 дана компьютерлік техника сатып алынды. Бұл мақсаттарға 643 млн теңге бөлінді. Оқу жылы басталғанға дейін бюджеттен қосымша 5 043 бірлік техника сатып алу жоспарлануда, оның ішінде 749 млн теңге сомасына 3 159 компьютер, 368 ноутбук, 41 планшет, оның ішінде жалпы білім беру қорынан 584,7 млн теңге сомасына 4 194 бірлік. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен 977 ноутбук сатып алынады.

 

КВИ пандемиясы кезіндегі өңірдегі эпидемиологиялық ахуал

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова еліміздегі фармацевтика саласының дамуы туралы айтып берді. Оның айтуынша, республика стационарларында дәрі-дәрмектердің, оның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бір айлық қоры бар. Коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталған жағдайға екі айлық резерв құрылуда.

КВИ емдеуге арналған төсек саны эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп артты. Қазіргі уақытта 64 объектіде 4 427 төсек орны бар. Қонақ үйлер, университеттер мен колледждердің жатақханалары, санаторийлер, бизнес орталықтар секілді медициналық емес нысандар тартылды.

Карантин кезінде стационарларға жатқызу қатерлі ісіктері бар пациенттерді, емдеуді тоқтатуға болмайтын гематологиялық, нейрохирургиялық пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызудан басқа шұғыл көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылды. Пациенттерді ауруханаға жатқызу эпидемияға қарсы барлық шараларды сақтай отырып, басқа пациенттердің вирусты жұқтыруын болдырмау үшін коронавирус инфекциясына полимеразды тізбекті реакция (ПТР) талдауларының нәтижелері дайын болғанға дейін жеке сүзгілерде жүргізілді.

Кейбір стационарлар толығымен КВИ пациенттерін емдеуге бөлінді. Басқа көпбейінді стационарларда әр профиль бойынша барлық бөлімшелер КВИ жұқтырған және КВИ белгілері жоқ пациенттерді емдеу үшін бір-бірінен оқшауланған екі бөлімшеге бөлінді. Жоспарлы медициналық көмекті үйде емханалардың мобильді дәрігерлік бригадалары жүзеге асырды.

Қарағанды қаласының медицина университетінің ректоры Раушан Досмағамбетованың айтуынша, пандемия кезінде ЖОО оқытушылары өңірдің 2 мыңға жуық дәрігері мен 200 эпидемиологын оқытқан.

Қазіргі уақытта биылғы 10 тамыздан бастап облыс емханаларында барлық қызметкерлер жұмысқа шығарылды, мамандар қашықтан кеңес беруді жалғастыруда. Алдын ала жазылу бойынша пациенттерді қабылдау, шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттерді қабылдау шұғыл қабылдау кабинеттерінде жүзеге асырылады, жазылу бойынша вакцинация, флюорография, ақылы медициналық тексерулер, АМСК деңгейінде оңалту, физиоемдеу, скринингтер жүргізіледі. АМСК жанындағы күндізгі стационарға жатқызу қайта басталды.

Емхананың жоспарлы жұмысын профилактикалық жұмыс үшін адам ағындарын бөлуді, келу кезінде уақыт аралықтары мен физикалық қашықтық шараларын сақтауды қамтамасыз ете отырып, қайта жандандырды. Диспансерлік топты үйде динамикалық бақылау/видеоконсультация/АМСК, үйге жеткізумен дәрілік препараттармен қамтамасыз ету қарастырылған.

Пациенттерге үйде көмек көрсету үшін 230 мобильді бригада ұйымдастырылды, 718 қызметкер жұмылдырылды. 4 санаттағы жедел шақыруларға қызмет көрсету үшін АМСК жанындағы 21 жедел медициналық көмек бригадасы қосымша шығарылды. Ірі емханаларда 15 тепловизор орнатылды, АМСК қаражаты есебінен 207 байланыссыз термометр, 591 пульсоксиметр сатып алынды, ЖРВИ және пневмониясы бар пациенттерді қабылдау үшін әрбір АМСК-та талаптар бойынша сүзгілер ұйымдастырылды, наурыздан бастап 198 828 қашықтан консультациялар өткізілді, оның ішінде учаскелік дәрігерлер — 138 193 (70%), бейінді мамандар — 60 635 (30%).

Қазіргі уақытта облыстың стационарларында «СҚ-Фармация» ЖШС-нен жеткізілетін қажетті дәрілік заттар бар. Облыс стационарлары 1,2 млрд теңге көлемінде қосымша өтінімдер берді, МҰ «СҚ-Фармация» ЖШС-нен қосымша өтінімдер бойынша дәрілік заттар жеткізілімін күтуде.

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры Сергей Барон өңірдегі дәрілік препараттар өндірісі туралы айтып берді.

«Біз 1 млрд теңгеге үш препарат шығардық. Қазір біздің портфелімізде 9 препарат бар. Биыл өндіріс көлемі 8 млрд теңгені құрады», — деді С. Барон.

«Аманат» ЖШС директоры Аян Рысбековтың айтуынша, 70-тен астам елге, 400-ге жуық жеткізуші компанияларға кәсіпорын өнім жеткізеді. Биылғы шілдеде 41 атау бойынша сатып алу көлемі 300%-ға артты. Күзгі-қысқы кезеңде дәрілік заттар қорын құру жоспарлануда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу