Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту: Қазақстанда жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы іске асырылуда

Сейсенбі, 15 Қазан 2019, 16:14:58

Бүгінгі таңда Қазақстанда «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өнімдері өндірісі және басқа да тауарлар бар. Аталған бағытты дамытудың қажеттігі туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев та «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» халыққа арнаған Жолдауында атап өтті. «Қарапайым заттар экономикасы» деген не, оның халық үшін негізгі маңызы неде, оны дамыту еліміздегі ШОБ өсіміне және ішкі нарықтағы импортты алмастыруға қалай әсер етеді, жеңілдікті несиелендіруді қалай алуға болатыны туралы PrimeMinister.kz материалынан оқыңыздар. 

 

«Қарапайым заттар экономикасы» дегеніміз не?

Қазақстандағы «қарапайым заттар экономикасының» дамуы, сондай-ақ, ұқсас бағдарламаны іске асырудың аралық қорытындылары туралы айтпастан бұрын, «қарапайым заттар экономикасы» түсінігінің өзі нені білдіретінін анықтап алу қажет. Оның негізгі міндеті неде?

Мұнда Қазақстан азаматтары күнделікті пайдаланатын және ауқымды капитал жұмсалымы мен күрделі технологияларды қолдануды талап етпейтін өнімдер шығару, сондай-ақ, қызметтер көрсету туралы айтамыз.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту — бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және, ең алдымен, халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың мақсаты — халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгінде өнеркәсіп тауарларының шамамен 82%-ы, азық-түлік өнімдерінің 35%-ы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 23%-ы импортталады.

 

Іске асыру тетігі

Ұлттық экономика министрлігі халық тұтынатын тауарлар өндірісін қолдау шараларын әзірлеумен, басқаша айтқанда «қарапайым заттар экономикасымен» айналысты. Ведомство Қазақстан Ұлттық банкімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Экономиканың нақты секторын қаржыландыруға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеуге кірісті.

2018 жылғы 11 желтоқсанда Үкіметтің қаулысымен Басым жобаларды жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы қабылданды.

Бағдарлама «Қарапайым заттар экономикасы» деп аталды. Оның негізгі міндеті — импорттық әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жергілікті өнімдермен алмастыру. 

Сонымен қатар, басым жобаларды несиелендіруге арналған тауарлардың тізімі бекітілді. Несиелендіру осы Тізімнен кем дегенде бір өнім шығарылған жағдайда жүзеге асырылады.

Тауарлар тізімі келесі критерийлерге сәйкестігі негізінде іріктелді:

  1. Импорт көлемі $5 млн артық

  2. Шикізаттың қолжетімділігі

  3. Біліктіліктердің, технологиялардың болуы

  4. Артық өндірудің болмауы

  5. Сапаны бағалау мүмкіндігінің болуы

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз қаражаты есебінен және оның басқаруындағы қаражаттар есебінен 600 млрд теңге бөлді. Оның ішінде 400 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерді ынталандыруға, 100 млрд теңге – агроөнеркәсіптік кешенде қайта өңдеуге, тағы 100 млрд теңгесі – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске бағытталды.

Қаражат 60 млрд теңгеден кем емес жарғылық капиталымен, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және екінші деңгейлі банктердің облигацияларын сатып алу арқылы жеделдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен беріледі.

Бағдарлама аясында мемлекет банктер арқылы банктік қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялайды. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15% құрайды. Субсидиялау мөлшері номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 9% дейін құрайды. Субсидиялау мерзімі инвестициялар үшін 7 жыл және айналым қаражатын толықтыруға — 3 жыл.

Кәсіпкер жеңілдетілген несиені оның жобасы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда ала алады.

Осы Бағдарламаның іске асырылуына және бизнестің белсенді тартылуына мониторинг жүргізу мақсатында «Атамекен» ҰКП негізінде ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап мемлекеттік органдардың, өңірлердің және даму институттарының қатысуымен «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бойынша Жобалық офис жұмыс істейді. Офис жұмысының негізгі бағыты Бағдарламаны жүзеге асыруға жәрдемдесу, кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру және қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау болды.

Офис жобаларды бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңінен бастап қаржыландыруға дейін сүйемелдейді, мониторинг жүргізеді, банктердің несие беруден бас тарту себептерін анықтайды және оларды қолдаудың жаңа тетіктерін ұсынады. Офис жұмысына «Атамекеннен» басқа «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысады.

Ұлттық экономика министрлігінде екінші деңгейлі банктер несиені мақұлдаған жағдайда және жобалар бағдарлама шарттарына сай келгенде өз ісін бастаған кәсіпкерлер сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қатысушылары бола алатынын айтты. 

Басымдықты жобаларды несиелендіру үшін белігеленген тауарлар тізіміне сәйкес экономиканың басымдықты секторларында іске асырылып жатқан кәсіпкерлердің жобалары несиелендіріле алады. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына келесі екінші деңгейлі банктер қатысады: «Қазақстан халық банкі» АҚ, «First heartland Jysan Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Банк «Bank RBK» АҚ, «Нұрбанк» АҚ,«Alfa-Bank» АҚ.

 

Жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы қалай жетілдірілуде?

Жобалық кеңсе алаңында апта сайын 300-ге жуық отырыс өткізілді, барлық өңірлерден 100-ден аса әлеуетті кәсіпкерлер тыңдалды. Бизнестің жүйелі проблемаларын шешу үшін Бағдарламаны жетілдіру бойынша түзетулер әзірленуде, оның бір бөлігі Үкімет Қаулысымен қабылданған. 

Мәселен, өзгерістердің бірінші пакеті Бағдарламаға биылғы 4 мамырдағы Үкімет Қаулысымен енгізілген, 17 мамырдан бастап күшіне енген. Бұл түзетулер кепілдендіру құралдарын енгізуге, айналма қаражатын 30%-дан 50%-ға дейін толықтыруды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға, құс еті және мақта-талшық тәрізді бірқатар тауарларды енгізуге қатысты. Аталған өзгерістер 150-ден аса кәсіпорынға 270 млрд теңге сомасына қолдауға ие болуға, 10 мыңнан аса жұмыс орнын құруға, салық түсімдерін 38 млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Жобалық кеңсе жұмысында барлығы 700 млрд теңгеден аса сомаға 900-ге жуық әлеуетті жоба бар, оның ішінде 25 млрд теңге сомасына 41 жобаны екінші деңгейлі банктер мақұлдады,126 млрд теңге сомасына 111 жоба қаралу үстінде. Салалар бойынша бизнестің барынша қызығушылығын тамақ, жеңіл өнеркәсіп, АӨК және қызмет көрсету салаларындағы жобалар тудырып отыр. 

Сонымен қатар Жобалық кеңсе базасында Бағдарламаға түзетулердің екінші пакеті әзірленді, онда мемлекет субсидиялайтын бөлігін белгілеумен түпкі қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету қарастырылады. Бұл өзгеріс кәсіпкер үшін несие құнын арзандатып, бағдарламалар арасындағы арбитражды алып тастауға мүмкіндік береді. Түзетулердің екінші пакеті қарыз мерзімінің 1/3 бөлігінен аспайтын көлемде несие бойынша жеңілдікті кезеңді енгізуді (2 жыл 3 айдан аспайтын) және Бағдарлама аясында несиелендіру үшін жаңа тауарларды енгізуді қарастырады. 

Екінші жартыжылдықта Бағдарламаға өзгерістердің үшінші пакеті енгізілді. 

Бүгінгі таңда Жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына келесі өзгерістер енгізілді: 

  • несие сомасынан айналма қаражатты 30%-ынан 50%-ына дейін толықтыру лимитін арттыру;

  • бизнес үшін пайыздық мөлшерлемені 8%-дан 6%-ға дейін төмендету;

  • кепілдік базасының жетіспейтін бөлігі бойынша мемлекеттік несиені кеплдендіру тетігін енгізуі;

  • несиелендірудің жеңілдікті кезеңін енгізу (төлемдер бойынша кейінге шегеруді ұсыну);

  • жеңілдікпен несиелендірілетін тауарлар тізімін арттыру (400-ден аса жаңа өнім);

  • агроөнеркәсіптік кешен жобаларына қатысты бейілді кепілдік саясатын ұстанатын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бағдарламасына енгізу. 

Үш өзгерістер пакетін енгізу 1500-ге жуық отандық тауар өндірушілерді Бағдарламаға қатысуға тартуға мүмкіндік берді. 

ҚР ИИДМ атап өткендей, бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы» Бағдарламасы кеңінен таралуда жәнен жеңілдікпен несиелендірудің сұранысқа ие бағдарламаларының бірі. Бағдарлама іс жүзіне асырыла бастағаннан кейін жарты жыл өткен соң-ақ бөлінген қаражаттың 25%-ға жуығы игерілген. 

Қазір Жобалық кеңсе айналым капиталын 100%-ға дейін қаржыландыруды қарастыру және бар займдарды қайта қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, бұл бағдарламаны жүзеге асыру барысы мен оның игерілуінде едәуір тиімділігін көрсетеді. Мәселен, Үкімет келесі мәселелерді пысықтауды жалғастыруда: 

  • басымдықты жобалар үшін тауарлар тізімін арттыру; 

  • инвестициялық мақсаттарға арналған несиелендіру мерзімін 7 жылдан 10 жылға дейін арттыру;

  • жобаларды іріктеу критерийлері мен қарыз алушылар тарапынан қарсы міндеттемелерді белгілеумен айналым қаражатын 50%-дан 100%-ға дейін толықтыру мақсатында несиелендіру үлесін арттыру;

  • жобаларды іріктеу критерийлері мен қарыз алушылар тарапынан қарсы міндеттемелерді белгілеумен Бағдарлама тетігіне инвестициялық мақсаттарға қарыздарды қайта қаржыландыру құралын енгізу. 

 

Жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының іске асырылуы — сандар сөйлейді

ҚР ҰЭМ деректері бойынша, Бағдарлама іске асырыла бастаған уақыттан бастап (биылғы 27 наурыздан бастап) 2019 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша 139,6 млрд теңге сомасына 209 жоба мақұлданды, оның ішінде: жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс саласында.

321 млрд теңге сомасына 306 жоба қаралу үстінде.

Мақұлданған 209 жобадан 154-і кеңейту мен жаңғыртуға несие алды, 55-і – жаңа кәсіпорын. Болжанған жұмыс орындарының саны – 5704, салық төлемдерінің сомасы – 39 939 млн теңге.

«Атамекен» ҰКП-ның мәліметінше, мақұлданған жобаларға келесі тұтыну тауарларын өндіру кіреді: киім (күртке, костюмдер, жейделер, аяқ киім, арнайы жұмыс киімдері және т. б.), азық-түлік өнімдері (макарон өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, ет және шұжық өнімдері, сүт өнімдері, кәмпиттер және т. б.), химия өнеркәсібі өнімдері (тыңайтқыштар), құрылыс материалдары (кірпіш, цемент) және қызмет көрсету саласының нысандары (балабақшалар, мектепке дейінгі мекемелер, шипажайлар, қонақ үйлер, оңалту орталықтарын салу).


Барлық кәсіпкерлер жеңілдікті несие ала алады ма?

Бағдарламаның 5 тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мына жобалары қаржыландыруға жатпайды:

  • ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген, құрамында спирт бар медициналық заттарды (бальзамдарды есепке алмағанда) шығару жөніндегі жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін;

  • несиелік бюро деректері бойынша несие беру немесе несие беру туралы өтініш берген кезде 90 күнтізбелік күннен көп несиелік берешегі барлар;

  • екінші деңгейлі банктермен айрықша қарым-қатынасы бар тұлғалар.

  • Құрылтайшысы тікелей мемлекет болып табылатын ұйымдар, мемлекетке тікелей тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп процентін (Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылар, акционерлер) мемлекеттік жекеменшік әріптестік туралы келісімге сәйкес құрылған тұлғалар), олармен аффилиирленген тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде тіркелген және коммерциялық емес ұйымдар.

Сөз соңында Несиелендіру бағдарламасын тиімді іске асыру 2025 жылға қарай Бағдарлама аясында несиелендірілетін тауарлар бойынша импорт үлесін 59%-дан 37%-ға дейін төмендетуге, 16 мыңға жуық жұмыс орнын құруға, салық түсімдерін 1,1 трлн теңге көлемінде ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
16 Мамыр 2020, 21:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.