Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай

Есеп беру кездесуінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы және 2020 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. 

 

Оқушылардың білім сапасы педагогтің жұмыс сапасына тікелей байланысты

Министр атап өткендей, 2019 жыл білім және ғылым жүйесі үшін өте маңызды жыл болды. Өткен жылдың ерекшелігі қашықтан оқыту жүйесіне көшу ғана емес, біріншіден, еліміздің тәуелсіздік тарихында алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. 2025 жылға дейінгі білім және ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, іске асырылып жатыр.

«Бұл құжаттардың білім және ғылым саласы үшін тарихи маңызы бар екені сөзсіз. «Педагог мәртебесі туралы» Заң педагог мәртебесін арттыру мәселелерін шешуге, оларды міндеттеріне жатпайтын артық функциялар мен тексерулерден босатуға, материалдық және моральдық жағынан ынталандыруға (сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы, дәптерлерді тексеру, педагогикалық шеберлік, магистр дәрежесі және тәлімгерлік) мүмкіндік берді. Барлық педагог қызметкерлердің демалысы 56 күнге ұлғайды. Осы шаралардың барлығы педагогтің мәртебесі мен беделін арттырып, оларды кәсіби өсуге ынталандыратын болады», — деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр оқушылардың білім сапасы педагогтің жұмысының сапасына тікелей байланысты екенін атап өтті, сондықтан педагог өзіне тән емес функцияларға алаңдамауы тиіс. 

«Ол тек біздің балаларымызға білім мен тәрбие беру үшін жұмыс істер жүргенін түсінуі тиіс. Сондықтан біз педагогтің мәртебесін арттыру және әріптестеріміздің дамуы мен оларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау үшін барлық қажетті одан әрі қабылдайтын боламыз. Мұғалімнің жүктемесін азайту мақсатында құжаттар саны қысқартылды, бұл туралы біз бұрын айттық. Олар мұғалім күн сайын толтыруы тиіс екі құжат. Біз бұл жұмыстарды жалпы әрі түбегейлі қарастырып жатырмыз. Бұл тек мектеп мұғалімдеріне ғана емес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, колледждердің, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне қатысты. Педагог тікелей тек өзінің функцияларымен айналысуы тиіс. Бұрын тексерушілерге, сұраныстарға және тағы басқаларына қатысты болған есеп берушілікті біз қазір қайта қарастырып, мұндай шектеулер толық алынып тасталды», — деді А. Аймағамбетов.

Педагогтердің сапалық құрамын арттыру шаралары қабылданды. 150 мыңнан аса педагог біліктілік санаттарын растап, жалақы мөлшерінің 30%-ынан 50% дейін үстеме ақы алатын болады. 

Биылдан бастап педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдірілді, біліктілік санаттары үшін шекті баллға қойылатын талаптар күшейтілді.  

Білім беру ұйымдарының басшылары үшін алғаш рет аттестаттау енгізілді. Олар енді аттесаттаудан өткен соң соның нәтижесі бойынша жалақы мөлшерінің 30%-нан 100% дейін үстеме ақы төленетін біліктілік санаттары беріледі. Алғаш рет бсшылардың еңбекақысы жұмыс нәтижесіне байланысты сараланған болады.  

ҚР БҒМ білім берудің барлық деңгейлерінде құндылықтарға негізделген білім және тәрбие беру парадигмасын енгізуге кірісті. Ол өз Отанын сүйетін, ел экономикасына қызмет ететін, отбасы құндылықтарын ұлықтайтын қазақстандықтарды тәрбиелеуге бағытталған. 

Инклюзивті білім беруге қарапайым қолжетімділікті қамтамасыз ететін, оқу үрдісіне тьюторларды енгізуге мүмкіндік беретін бейімделген бағдарламаларға көшу жүзеге асырылуда.

Қала мен ауылдағы білім айырмашылығын азайту мәселесі тұрақты бақылауда. Өңірлер арасындағы, бір аймақтағы аудандар арасындағы айырмашылық мәселесі анықталды. 

«Бүгін біз педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз етіп, қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын құру, қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту мақсатын қойып отырмыз. Осы проблемаларды шешу үшін кешенді шаралар қарастырылды, біріншіден, бірнеше межелес пәндер бойынша педагогтерді, мұғалімдерді даярлау, еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту, оқу-материалдық базасын нығайту, интернет сапасы т. б.», — деді министр.

 

Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі жетілдірілуде

Педагогтердің оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында курстан кейінгі мониторинг және курстан кейінгі сүйемелдеу енгізілді. 

«Біз біліктілікті арттырудың ваучерлік жүйесіне көшіп жатырмыз, осылайша, осы қызметтер нарығы мен бәсекелестіктің дамуы үшін мүмкіндіктер тудырудамыз», — деді министр. 

Сонымен қатар, қайта даярлау, сондай-ақ мамандыққа жанама кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Бұдан өзге, енді курстардың бағдарламаларын министрлік бекітпейді, бұл қызмет көрсету нарығының дамуы үшін мүмкіндік береді.  

Жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлік институты енгізілуде. Тәжірибелі педагогтердің қайта қабылданған әріптестеріне тәлімгерлігі үшін ай сайын 17 мың теңге көлеміндегі үстеме ақы қарастырылған. 

 

Ата-аналар өтініш бергенде балабақшаны өздері таңдай алады

Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін арттыру шаралары қабылдануда. 2019 жылы құрылыс және МЖӘ тетіктері арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 500 бірлікке ұлғайтылды. 3-6 жастағы балаларды қамту 98,5% деңгейінде қамтамасыз етілді.   

Егер бұған дейін балаларды кезекке қою тікелей білім беру бөлімдерінде жүзеге асырылып келсе, енді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ата-аналарға ыңғайлы болу үшін балаларды кезекке қою және қабылдау автоматтандырылды. Енді ата-аналар өтініш берген кезде балабақшаны өздері таңдай алатын болады деп жоспарлануда. 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықты міндет болып қалып отыр. Балалардың қауіпсіздігін бақылаудағы негізгі факторлардың бірі - бейнебақылау жүйесі. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 90% жуығы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. 

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды. Мектепке дейінгі даярлаудың мазмұны, стандарттары мен әдімтері қайта қаралуда.  

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдауының арқасында ұстаздардың жалақысы жылына 25% және жаңа аттестаттау жүйесі арқылы қосымша 30%-дан 50%-ға дейін көбейтілуде.   

Орта білім беруде оқушылардың 96% жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Биыл қыркүйек айында олар 11 сыныпқа көшеді. Нәтижесінде орта білім беру жүйесінің жаңартылған білім мазмұнына көшуі аяқталады. 

 

Оқулықтардың сапасын қалай жақсарту керек?

А. Аймағамбетовтің айтуынша, қазіргі кезде оқулықтардың сапасына көп көңіл бөлінуде. Бұл өзекті мәселе. ҚР Президенті Қ. Тоқаев педагогтердің тамыз конференциясында және Ұлттық кеңес отырысында оқулықтардың сапасын жақсарту бойынша тапсырма берді. 

«Бұл бір күннің мәселесі емес. Министрлік оқулықтардың сапасын кешенді қамтамасыз ету мәселесін қарастырып жатыр. Бұл мәселе сараптамаға ғана емес, баспаларға да байланысты. Бұл бағдарламаларды дайындау мен мақұлдаудан, оқулықтарды сараптау мен мақұлдаудан, сарапшылар мен авторлардың дайындығынан басталатын жүйелі проблема. Одан кейін бұл баспалар айналысатын мәселе. Жалпы бұл кешенді жұмыс. Мемлекеттік органдардың да, баспалардың да, ұлттық білім академияларының да, басқа құрылымдардың да жауапкершілігі. Бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды», — деді министр.

Абайдың 175 жылдығының аясында гуманитарлық пәндерді тереңдете оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттар желісін құру басталды. 10 өңірде осындай мектептер ашылды, жыл соңына дейін тағы 7 өңірде ашуды жоспарлап отырмыз.  

 

Оқушыларды бір мектептен келесісіне ауыстыру жаңа форматта жүргізілетін болады

Тамақ беруді ұйымдастыру сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Конкурстық рәсімдер мемлекеттік сатып алу порталы арқылы электронды форматта өткізіледі. Бұрын ол қағаз түрінде өтетін, енді конкурстардың ашықтығы қамтамасыз етіледі. Конкурстық рәсімдерде заң бұзушылыққа жол берге лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілуде. Тамақтандыру сапасын бақылау бойынша мектеп комиссиялары мен ведомствоаралық сарапшылар тобының жұмысының бірыңғай алгоритмі пысықталды. Қала жағдайларында қолма-қол ақшасыз төлем мен бейнебақылау енгізілуде.    

2020 жылдың соңына дейін білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен және жылы дәретханалармен қамтылуы тиіс. 

Бірінші сыныпқа қабылдау және балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру жүйесі автоматтандырылуда. Енді ата-аналарға бір мектептен екіншісіне барып, құжаттарын қағаз түрінде тапсырудың керегі жоқ. Мұны е-gov платформасы арқылы іске асыруға болады. Бұл ата-аналардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) өзгерту жұмыстары жүргзілуде. 2021 жылдан бастап 4 және 9 сыныптарда білім алатындардың білімдегі жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі, ол пәндік білімдерін бағалауға ғана емес, функционалдық сауаттылығын өлшеуге де бағытталады. 

 

2020 жылға қарай Қазақстанда 800 мектеп салынады 

«Ұлттық білім беру деректерінің қоры» ақпараттық жүйесіне сәйкес елімізде 54 апатты, 183 үш ауысымды мектеп бар, 168 мың орын тапшылығы байқалып отыр. 

Демографиялық және көші-қон үрдістерін ескерумен қалаларда орта білім беру инфрақұрылымының жетсіпеушілігің мәселесі өрши түсуі мүмкін. Болжамды есептеулер бойынша 2025 жылға қарай орын тапшылығы 500 мыңға жуық орынды құрауы мүмкін. Ол үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында 800 мектепті салу жоспарланған.  

Сонымен қоса, үш ауысымды мектептерді жою бойынша ғана емес, бір ауысымды мектептерге көшу бойынша ауқымды міндет тұр. 

Бүгінде министрліктің алдында тұрған міндет - мектеп ғимараттарын апатты жағдайға жеткізбеу. Өткен жылы көшпелі тексеру аясында ҚР БҒМ қызметкерлері қосымша апатты мектептер анықталды. Министрдің айтуынша, бұл проблеманы жасырып-жауып қоюға болмайды, керісінше, айтып көрсетіп, шешу керек. 

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша және жергілікті бюджет есебінен биыл 2 мыңнан аса нысан жөнделеді. Бұл теңдессіз шара. Жалпы, ЖҚЖК бойынша тек білім беру нысандарына биыл 190 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.  

Орта білім беру саласында жаңартылған білім мазмұнына көшкен соң оқу бағдарламаларын жетілдіру, түрлендірілуін қамтамасыз ету, функционалдық сауаттылықты өлшеуге арналған бағалау жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасады. Ерте кәсіптендіру вариациялы типтік оқу жоспарларын енгізу есебінен қамтамасыз етіледі.  

 

Балалардың қауіпсіздігін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді

Балалардың құқығын қорғау саласы барлық деңгейлерде, ауылдан облысқа дейін өзгереді, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі 228 комиссияның жұмысы өзгереді. Қоғамның ұсынысы бойынша биыл олардың қызмет аясы кеңейтіледі. 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықты міндет болып қалып отыр. Министрлік осы саладағы заңнаманы жетілдіру үшін жұмыс атқарып жатыр.  

Енді, жаңа түзетулерге сәйкес, педагогтер, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты құқық бұзушылық фактілерінің орын алғаны туралы құқық қорғау органдарын бірден хабардар етуге міндетті. Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жауапкершілік қатайтылды, бас бостандығынан айыру мерзімі ұзартылды.  

Бұл ретте, балалар суициді көрсеткіштері тұрақты жоғары болып қалып отыр. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта суицидке, зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы күресудің бірыңғай бағдарламасы әзірленуде. Әрбір облыс өзінің бағдарламасы бойынша жұмыс атқарады, осы шаралардың үйлесімділігі мен тиімділігіне қатысты мәселелер бар.  

Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысы әлі де тиімді болмай тұр. Мұндайда жылдам нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан оларды жүйелі трансформациялау басталды. 

Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде соңғы 10 жылда балалар үйлеріндегі тәрбиеленішулер саны 70%-ға — 14 мыңнан 4 мың балаға дейін азайды.   

Соңғы 4 жылда балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 42%-ға — 7 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарды. 

Балалар үйлерінің желісі 28%-ға — 140-тан 101-ге дейін азайды. Балалар үйі балаларды қолдау орталықтары болып қайта құрылуда, бұл жұмыстарға азаматтық қоғам атсалысуда. 

Балалардың дамуы үшін қосымша білім берудің маңызы зор. Көркем шығармашылық, музыка, би, туристік өлкетану үйірмелерін сақтай отырып, роботты техника, СТЕМ-білім беру, 3D-принтинг және бағдарламалаудың жаңа бағыттары дамып келеді. 

 

«Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасын жүзеге асыру үш жылда оң нәтиже берді 

ТжКБ саласында 2017 жылдан бері «Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасы іске асырылуда. Жоба бойынша 300 мың жас бірінші жұмысшы мамандығын тегін алады. 

Айта кету керек, бұл жоба бойынша студент әлеуметтік қолдаумен қамтылады: бір реттік ыстық ас беріліп, шәкіртақы төленеді, жылына екі рет жолақысы төленеді. 

2019 жылдың маусым айынан бастап жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 30% артты, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орта буын мамандықтары бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 25% өсті. 

Жалпы, жобаны іске асыру үш жылда оң нәтижесін берді. 

Абитуриенттерге құжат тапсыру үшін колледжге келіп қажеті жоқ, оны egov порталы арқылы тапсыра алады. Бірақ қағаз түрінде тапсыру мүмкіндігі әлі де сақталады. 

 

Кадрлар даярлау сапасы

Мемлекет басшысы колледждерге академиялық еркіндік беруді тапсырды. 

Сонымен қатар кредиттерді жинақтау арқылы кредит жүйесін көшуді бірге іске асырудың маңызы зор. 

Дуальді оқыту қарқынды дамуда. Студент өз уақытының 60% астамын кәсіпорындардың базасында өткізеді. Дуальді оқыту бойынша білім алған түлектердің 72% еңбекке орналасады. 

Бүгінгі таңда дуальді оқытумен 55 мыңнан аса студент қамтылған. 2025 жылға қарай қамтуды екі есеге жуық арттыру көзделген. 

Педагог мәртебесі бойынша жалақысы көбейтілді. Президенттің тапсырмасы бойынша колледждер мен балабақшалар қызметкерлері де жалақысының екі есе өсуіне қамтылады.

Сонымен, колледждердің педагогтеріне біліктілік санаты бойынша ақы төлеу мәселесі шешілді. Олардың алатыны үстеме ақысы 30%-дан 50%-ға дейін. 

Бүгінде білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесі де бірқатар өзгерістерге ұшырауда. Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасына сәйкес, білім беру жүйесін бақсару моделі өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі заман талаптарына сәйкес, білім беру жүйесі корпоративтік басқаруға көшетін болады. 

 

Жоғары білім беруде жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғаюда

Соңғы 4 жылда мемлекеттік тапсырыс 1,3 есе көбейіп, биыл 53,8 мың грантты құрап отыр. 

Президент тапсырмасы бойынша биылдан бастап грант құны көтеріледі. Оның құны 2011 жылдан бері өзгермеген. Бұл ретте мемлекеттік ЖОО-лар мұғалімдердің жалақысын көтеруге міндеттеледі.

2019 жылдан бастап ҰБТ бірнеше рет өткізу қарастырылған. ҰБТ-ға қатысудан ТжКБ түлектері ақылы негізде қысқартылған оқыту мерзімімен шектес бағыттарға түсетін болса, босатылады. 2020 жылдан бастап SAT, AC, IB халықаралық стандартталған тестілердің баллдарын ҰБТ баллдарына ауыстыру шкаласы енгізіледі. Осындай сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады.  

ҰБТ электронды сертификаты мен грант беру туралы электронды куәлік енгізілуде. 

Тестілеуден өту уақыты ұзартылды, калькулятор пайдалануға рұқсат етілді, қорытынды аттестаттаудан түлектер босатылды, қатаң санитарлық талаптар сақталатын болады.

Бүгінде педагог кәсібінің тартымдылығын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап мұғалім болуға ниет білдірген студенттердің шәкіртақысын 26186 теңгеден 42500 теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Педагогикалық мамандықтарға оқытуға шекті баллды 70 баллға дейін көтеру қарастырылған. Педагогикалық бағыттағы түлектер биылдың өзінде педагог-модератор біліктілігін алуға үміткер бола алады. Ол үшін Ұлттық біліктілік тестінен өтіп, өзінің игерген дағдыларын көрсетуі тиіс. 

ЖОО-ларды профильдендіру үшін педагогика кадрларын даярлайтын ЖОО-ларға қойылатын талаптар анықталды: (ОПҚ, еңбекке орналастыру, жаңартылған білім мазмұнын ескерумен білім беру бағдарламалары, СБА, ҰБА және педагогтің кәсіби стандарты).

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында сапасыз білім беретін ЖОО-ларды оңтайландыру жұмыстары жалғасуда. Бірнеше ЖОО жабылды. Оларды жабу ғана емес, біріктіру, даярлаудың жекелеген бағыттары бойынша лицензияларын қайтару арқылы да бұл мәселе шешілуде. 

 

Карантин кезінде қашықтан оқыту қалай өтті?

Төтенше жағдай кезінде оқыту үрдісін жалғастыра отырып білім алушылар мен білім беру жүйесінің қызметкерлерінің денсаулықы қорғау мәселесі тұрды. 

А. Аймағамбетов қысқа уақыт ішінде балалардың да, мұғалімдердің де, ата-аналардың да жаңа жағдайға бейімделе алғанын атап өтті.   

«Бірқатар проблемалардың болғанына қарамастан, оқу процесі тоқтаған жоқ. Ата-аналарға зор алғыс айтқым келеді, көп жауапкершілік жүктелді, ата-аналардың жұмыстары көп болды, біз мұны мойындаймыз. Бірақ, олардың түсінігінің, белсенді атсалысуының және әріптестеріміздің жұмысының арқасында біз осы кезеңнен оқу үрдісін тежемей өте алдық», — деді министр.

Сонымен қатар министр негізінде қашықтан білім беру сәл өзгеше болуы тиіс екенін атап өтті. Сондықтар, барлық қателіктер, кемшіліктер мен проблемалық тұстарды ескеру қажет.

«Бұл – киберпедагогика мәселелері, және сыныптық-сабақтық жүйені барлық артық әрі кем тұстарымен стримге, Zoom арқылы қосып, сабақ өткізіп, оны қашықтан білім беру деп атауға болмайды. Бұл қате түсінік», — деді ведомство басшысы.  

Оның айтуынша, оқыту әдістемесі, қашықтан оқыту режимінде педагогикалық технологиялар, нормативтік реттеу бойынша жұмысты жүргізу және бұл жүйені бағалау міндеті тұр.

«Педагогикалық және техникалық сипаттағы мәселелер аз емес, жаз мезгілін аталған мәселелерді міндетті түрде шешу үшін тиімді пайдалануымыз керек», — деді А. Аймағамбетов.

Министр атап өткендей, мектептер жаңа оқу жылын қашықтан бастауға дайын болуы тиіс.

«Коронавирус инфекциясы бойынша еліміздегі ахуал жақсарып, келесі жылдың басында оқуды мектеп қабырғасында бастаймыз деп үміттенеміз. Дегенмен, біз басқа жағдайға да дайын болуымыз керек. Осыған байланысты жазда педагогтер де, Білім және ғылым министрлігі мен басқармалар да қажетті шараларды қабылдауы тиіс», — деді министр.

Сондай-ақ білім және ғылым министрі Қазақстан тұрғындарынан түскен кейбір сұрақтарға жауап берді

А. Аймағамбетов бүгінгі таңда халықаралық стандарттарды енгізу үлкен мәселе болып отырғанын атап өтті.

«Соңғы өткен World Skills чемпионаты бойынша Қазақстан 14-орынға ие болды, бізде үлкен әлеует бар, біз World Skills стандарттарын бұдан әрі де оқу үдерісіне енгізе бермекпіз», — деп атап өтті ол.

Білім беруді қаржыландыру жүйесі мен басқаруда бүгінде елеулі өзгерістер енгізіліп жатыр – Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмалары аясында білім беру жүйесін басқару моделі өзгеретін болады. 2021 жылдан бастап барлық аудандық және қалалық білім бөлімдері облыстық басқару деңгейіне беріледі.

«Біз ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз және менің ойымша, 2021 жылдан бастап бұл жүйе іске қосылады. Директорларды алмастыру институты енгізіледі. Біз директорларды тағайындаудың жаңа жүйесіне қажетті өзгерістерді дайындадық, сондай-ақ заңнамаға аудандар мен қалалардың білім беру бөлімдері мен білім беру басқармалары басшыларын БҒМ-мен келісе отырып тағайындау және жұмыстан босату бойынша норма енгізілді», — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Жоғары білімге келер болсақ, мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, соңғы 4 жылда мемлекеттік тапсырыс 1,3 есеге артып, биыл 53 мыңнан астам грантты құрайды.

«Президент тапсырмасы бойынша биылдан бастап гранттың құны артады – ол 10 жылға жуық уақыт өзгерген жоқ. Бұл ретте, біз мемлекеттік университеттерге жалақыны көтеруді міндеттейміз. Біз қазір еңбекақы төлеу қорына жалақының ең төменгі шегін белгілеу мәселесін талқылап жатырмыз. Грант құнының артуы педагогтар жалақысының өсуіне әкелуі тиіс. Жекелеген ЖОО-ларда оқытушылар жалақысының 70-80 мың теңгені құрауы – мүлдем дұрыс емес», — деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, соңғы жылы жалақы айтарлықтай 50-70%-ға өсті.

Педагогтердің құқықтарын бұзу жағдайларының жиілеп кетуіне қатысты сұраққа А. Аймағамбетов Министрлікте педагогтың қандай құжаттарды толтыруы керек екені нақты белгілегенін Бұйрық қабылданғанын атап өтті.

«Педагог күн сайын тек екі құжатты толтырады. Лауазымды адамдар немесе басқа санаттар ұсынатын барлық басқа құжаттар – заңсыз. Сондықтан бізде заңнама бойынша Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттер тиісті шараларды қабылдайтын болады. Біз осындай жағдайлар бойынша шаралар қолдандық – бұл әкімшілік жауапкершілік, жалпы алғанда, жұмыстан босатуға дейін шаралар қолданылады. Мұндай бұзушылықтарға өте қатаң әрекет ететін боламыз», — деді ведомство басшысы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу