Заңдарды қабылдау, сот-сараптама қызметі және цифрландыруды енгізу — Қазақстанның құқықтық саласы қалай дамуда

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдындағы есептік кездесуі барысында ҚР әділет министрі Марат Бекетаев министрліктің 2020 жылғы жұмыс нәтижелері мен болашаққа жоспарлары туралы айтып берді.

2021 жылғы мамырдан бастап жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Әділет министрлігі орталықтандырылған форматта жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің орталықтандырылған рәсіміне көшу бірыңғай құқық қолдану практикасын және өңірлік норма шығармашылығы саласындағы мәселелерді уақытылы өзектілендіруді қамтамасыз етеді.

Бұған дейін бұл рәсім Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асырылған.

Әділет министрлігі басшысының ақпараты бойынша аумақтық әділет органдарының штат саны оңтайландырылды. Үнемдеу шамамен 250 млн теңгені құрайды.

М. Бекетаев бұған дейін Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру бойынша пилоттық жобаны сәтті іске асырды, бұл оң нәтиже мен жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің орталықтандырылған форматын енгізудің орындылығын көрсетті.

Өткен жылы Президенттің тапсырмасы бойынша министрлік әзірлеген бірқатар заң қабылданды. 

Бірінші. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң.

Заңмен партиялық сайлау тізімдерінде гендерлік және жастарға арналған квоталар енгізілді. Әйелдер мен жастардың кемінде 30% партиялық тізімге қосу туралы талап қойылды.

«Бұл еліміздің қоғамдық-саяси процестеріне әйелдер мен жастарды белсенді тарту үшін қосымша құқықтық жағдайлар жасауға мүмкіндік берді», — деді әділет министрі.

Екінші. «Саяси партиялар туралы» заңға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң. Ол саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мың адамнан 20 мың адамға дейін төмендетуді көздейді. 

Заңның мақсаты — көппартиялылық процесін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді әзірлеу мен қабылдау процесіне жаңа саяси партияларды тарту.

Осы жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды.

Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінің нысандарына «Барлығына қарсы» деген жазуы бар баған енгізілді.

Бұл норма саяси бәсекелестікті арттыруға елеулі үлес қосады, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүргізу барысында халықтың пікірін көбірек қамтуға және ескеруге мүмкіндік береді деп пайымдайды министрлікте.

Үшінші. Қолданысқа осы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданды.

Бұл – қазақстандық құқықтық жүйе үшін жаңа құжат.

Азаматтарға мемлекеттік органдар шешім қабылдағанға дейін тыңдау құқығы беріледі. Сонымен қатар азаматтарға өтінішті ресімдеуге, сондай-ақ дәлелдемелер базасын жинауға көмек көрсетуде соттың белсенді рөлі енгізіледі. 

Әкімшілік әділетті енгізу мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін береді. 

Төртінші. Нормашығармашылықты жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. 

Тиісті Заңға биылғы 12 наурызда қол қойылды.

Заң шығару процесіне жаңа кезеңдерді енгізу, заң жобаларының сапасын қамтамасыз ету және заң шығару процесіне жұртшылықты кеңінен тарту көзделеді.

«Ұлттық заңнаманың негізгі салаларын жетілдіру аясында министрлік мемлекеттік органдар және отандық ғалымдармен бірлесіп 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын әзірледі», — деді М. Бекетаев. 

Тұжырымдама – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты. Ол ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйесін, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметті, сондай-ақ құқықтық білім мен құқықтық насихатты дамытудың басым бағыттарын айқындайды.

Құқықтық жүйені жетілдіру жөніндегі осы шаралар Қазақстанның одан әрі орнықты дамуының қажетті құқықтық алғышарттарын қалайды деп болжанған.

Сонымен қатар сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыруға бағытталған атқарушылық іс жүргізу туралы заңға түзетулер қабылданды.

Сот актісін орындаудың нақты мүмкін еместігі түсінілетін мән-жайлардың толық тізбесін айқындайтын өзгерістер енгізілді.

Бірнеше жыл бойы жүргізіліп жатқан дәйекті реформа және атқарушылық іс жүргізудің электрондық форматқа көшуі өзінің қабілеттілігін көрсетті.

Төтенше жағдай кезеңінде атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мәжбүрлеп орындау шараларын үздіксіз қабылдауға жағдай жасады. 

Халыққа атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті арқылы атқарушылық құжаттарды онлайн режимде беру мүмкіндігі берілді.

М. Бекетаев атап өткендей, 2020 жылы сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыруға бағытталған Атқарушылық іс жүргізу туралы заңға түзетулер қабылданды.

«Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жеке сот орындаушыларының жауапкершілігі қатаңдатылды, бір мезгілде уәкілетті және қадағалау органдарының, сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілеттіктері күшейтіліп, кеңейтілді», — деді әділет министрі.

Қабылданған заңнамалық шаралар нақты орындалған құжаттар санының 45% артуына ықпал етті.

Ведомство басшысының айтуынша, бірнеше жыл бойы жүргізіліп жатқан дәйекті реформа және атқарушылық іс жүргізудің электрондық форматқа көшуі өзінің қабілеттілігін көрсетті.

Төтенше жағдай кезеңінде атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мәжбүрлеп орындау шараларын үздіксіз қабылдауға жағдай жасады. 

«Халыққа атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті арқылы атқарушылық құжаттарды онлайн режимде беру мүмкіндігі берілді», — деді Марат Бекетаев.

Министрдің айтуынша, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2024 жылға дейін 2 есеге ұлғайту мәселесі пысықталуда.

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап республика бойынша «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі пилоттық режимде енгізілді. Бүгінгі таңда тергеу органдары мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында 1042 адвокатты тағайындады», — деді М. Бекетаев.

Жобаны іске асыру адвокаттарды тағайындау және олардың еңбегін төлеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Ведомство басшысы атап өткендей, жүйе мемлекеттік деректер базасымен шоғырланған, бұл өз кезегінде адвокаттарға азаматтарға заң көмегін көрсету үшін қажетті ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік береді.

Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

«Жылжымайтын мүлік кепілін электронды тіркеу енгізілді. Енді банктер меншік иесімен кепіл шартын жасасқаннан кейін оны электрондық тіркеуге жібере алады, бұл азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуін тоқтатады. Кепілді тіркеу мерзімі 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды», — деді ведомство басшысы.

Мемлекет мүддесі $23,6 млрд-қа қорғалды.

2020 жылы үш іс, яғни «Gold Pool», «World Wide Minerals», «Alhambra» бойынша мемлекет мүддесі $1,44-қа қорғалды.

Жүйе мемлекеттік деректер базасымен шоғырланған. Бұл өз кезегінде адвокаттарға азаматтарға заң көмегін көрсету үшін қажетті ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік береді.

«Нотариат туралы» Заңға түзетулер қабылданды. Заңға ағымдағы жылғы 15 ақпанда қол қойылды.

Электрондық нотариаттық мұрағатты құру, нотариустардың өкілеттіктерін кеңейту, консультациялық қызметтер көрсету, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау кезінде эксаумақтылық қағидатын енгізу көзделеді.

Азаматтарға нотариаттық палаталардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясында шағым жасауға мүмкіндік берілді.

Жеке жүгінуді алып тастап, нотариустың электрондық поштасына атқарушылық жазбаға қарсылық білдіруді ұсыну бойынша шаралар қабылданды.

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік қадастрын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осы жүйені қолдану азаматтарға бір өтініштің негізінде жер учаскесін рәсімдеуге және оған құқықтық тіркеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, қызметтерді көрсету мерзімдері мен тиісінше азаматтардың қаржылай шығындары қысқартылады.

Биылғы жылы онлайн режимде электрондық апостиль алуға және қалыптастыруға өтініштер қабылдауды көздейтін «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрық шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қостанай және Павлодар облыстарында қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптама түрлерін бәсекелестік ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

«Осылайша, 3490 сараптама жүргізілді. Пилот оң нәтиже көрсетті. Сараптама өндірістерінің мерзімі қысқартылды және мемлекеттік сарапшыларға ауыртпалық төмендетілді», — деді министр М. Бекетаев.

Бұл бағыттағы жұмыс сараптама түрлерінің және республиканың аумақтарының санын ұлғайту жолымен жалғасатын болады.

Сот сараптама органдарының инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында сот сараптама институтының үлгілік ғимаратының құрылысы салынуда.

Сот сараптамасы органдары медициналық қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайы үшін 30%-дан 45%-ға дейін қосымша еңбек ақысы көтерілді.

Әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында жалақы төлеудің факторлық-балдық шкала жүйесі енгізілді.

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаты бастамашылық еткен сот-сараптама қызметі мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер жобасы Мәжілістің қарауында.

Заң жобасын қабылдау сот-сараптама қызметі нарығында бәсекелестікті құруға, жеке сот сарапшылары қызметінің ашықтығын, сапаны жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот сараптамасы органдарының қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпкерлер арасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Әділет органдарын оңтайландыру бойынша.

2018 жылдан бастап бұл салада тиісті шаралар қабылдануда.

Министрліктің бюджеті шамамен 2 млрд теңгеге үнемделді.

Нәтижесінде, өткен жылдың ақпан айынан бастап қосымша қаражат бөлінбестен әділет органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.

Аталған жұмыс алдағы уақытта жалғасын табады.

Азаматтардың сұрақтарына жауап бере отырып, министр қазақстандықтардың құқықтық саладағы өзара қарым-қатынасының электрондық анықтамадан бастап сот орындаушыларының әрекеттеріне дейінгі түрлі аспектілерін қамтыды.

М. Бекетаев азаматтардың құжаттарын цифрлық форматқа көшіру туралы сұраққа қазіргі уақытта QR-код бере отырып, азаматтық жағдай актілерін тіркеу бойынша электрондық анықтамаларды беру мәселесі пысықталып жатыр деп жауап берді.

«Анықтаманың электрондық және қағаз нұсқасы бірдей заңды күшке ие болады. Елден тыс жерлерде QR-коды бар қағаз түріндегі куәліктер пайдаланылатын болады», — деп түсіндірді М. Бекетаев.

Тегінің өзгеруіне немесе деректердегі басқа да өзгерістерге байланысты министр егер ауыстыру кезінде жеке басын куәландыратын құжат оңайлатылған тәртіппен алынса, тегін өзгерту туралы куәлік немесе анықтама берілмейтінін түсіндірді.

«Жеке басты куәландыратын құжаттағы және туу туралы куәліктегі деректер бірдей болуы үшін АХАТ-тың кез келген органына немесе ХҚКО-ға өзгерістер енгізу және туу туралы куәлік алу үшін жүгіне аласыз», — деді Әділет министрлігінің басшысы.

Шет мемлекеттердің азаматтарын Қазақстанда некені тіркеудің кейбір рәсімдері туралы мәселе қызықтырды. Мысалы, Ресейден адамның некеде тұрғаны туралы анықтама қажет пе деген сұрақ қойылды. 

«Неке қиюды мемлекеттік тіркеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы негізде жүргізіледі. Бұл жағдайда сіз азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге тұруға рұқсат берілуі керек. Анықтама алу үшін ҚР аумағындағы аталған мемлекеттің шетелдік мекемелеріне жүгінуге болады», — деп түсіндірді М. Бекетаев.

Алимент өндіру мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

Министр борышкерлердің табыстарын жасыру мәселелері бойынша азаматтар еңбек қорғау жөніндегі уәкілетті органға жұмыс беруші тарапынан бұзушылықтарға жол беру фактісі бойынша өтінішпен жүгінуге құқылы екенін түсіндірді.

«Бұл ретте, жеке сот орындаушысы борышкерде ұстап қалу жүргізілуі мүмкін басқа да берешектердің болуын тексеруі тиіс. Егер оның жалақысынан басқа атқару парақтары бойынша ұстап қалу жүзеге асырылса, онда ай сайынғы ұстап қалу мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының 50%-нан аспауы тиіс», — деп атап өтті М. Бекетаев.

Кәсіпкерлерді фирманың логотипін тіркеу үшін Ұлттық зияткерлік меншік институтына жүгіну керек пе деген сұрақ қызықтырды.

Министр атап өткендей, тауар таңбасын тіркеу міндетті рәсім емес, бірақ бизнес үшін маңызды рөл атқарады.

«Кәсіпкер өзінің логотипін танытуға қаржы ресурстарын жұмсап, кейінірек бұл логотип біреудің қорғалған сауда белгісі болып шығатын жағдайға тап болуы мүмкін. Тауар таңбасын тіркеу үшін дер кезінде жүгіну қажет», — деді ол.

Осыған байланысты министр логотипті тіркеу үшін Ұлттық зияткерлік меншік институтына жүгінуді ұсынды.

Адвокаттық қызметпен байланысты емес, ақылы заң қызметтерін көрсету құқығына 1997 жылғы лицензияларды пайдалану туралы мәселе бойынша министр ақылы заң қызметтерін көрсететін тұлғалар күші жойылған «Лицензиялау туралы» заңға сәйкес лицензиялауға жататынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда қызметті осы лицензия негізінде жүзеге асыра алмайсыз. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес азаматтық істер жөніндегі сотта үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін жүзеге асыру үшін заң консультанттар палатасына кіру қажет. Палата қызметі мен жаңа тәртіп “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” заңмен реттеледі», — деп толықтырды Әділет министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ қазақстандықтарды Қазақстанда сот сараптамасын жүргізу кезінде шет мемлекеттердің сарапшысын тартуға бола ма деген сұрақ қызықтырды.

Министрдің айтуынша, бұған еш кедергі жоқ.

«Сот сарапшысы ретінде шет мемлекеттің маманын тарту құқығына сот сараптамасын тағайындайтын орган/адам не сот сараптамасы органының басшысы (өтініш бойынша) ие», — деп жауап берді М. Бекетаев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу