Шолу: Қостанай облысының 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі даму қорытындылары

Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев бастамашы болған экономиканы әртараптандыру жалғастырылып жатыр. Елбасы белгілеген бағытты Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев та қолдады. Индустриялық бағыттағы Қостанай облысы мемлекеттік бағдарламаларды белсенді жүзеге асыруда және еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға қомақты үлесін қосып келеді. PrimeMinister.kz редакциясы өңірдің 2019 жылғы 9 айдағы дамуы туралы кеңінен қамтыған материал әзірледі.

Қостанай облысында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, шағын және орта кәсіпкерлік табысты дамып жатыр. Жыл басынан бері барлық осы бағыттар бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұған 2019 жылғы 9 айдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері дәлел бола алады. 

 

Өнеркәсіп және ИИДМБ: 700 кәсіпорында 42 мың адам жұмыс істейді

Қостанай облысы индустриялық-аграрлық өңір ретінде белгілі. Жалпы өңірлік өнім құрылымында 26,1%-ы – өнеркәсіпке, 10,1%-ы – ауыл шаруашылығына тиесілі. 

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісімен жұмыс істейтін адамдарының саны 42 мыңнан асатын 700-ге жуық кәсіпорын айналысады.

Облыс әкімдігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 862,8 млрд теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінің көлемі — 373,4 млрд теңге.

 Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемдері 23,8%-ға артып, 446,6 млрд теңгені құрады. 

Өсім машинажасауда көлемнің 95,9%-ға (өңдеудегі үлесі – 36,4%), металлургияның — 28,3%-ға (өңдеудегі үлесі – 21,6%) артуы есебінен, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл өнімдерін өндіру және жеңіл өнеркәсіп есебінен қамтамасыз етілді. 

2019 жылға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында құны 5 млрд теңге болатын екі жобаны іске асыру жоспарланған:

  • «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешені мен астық қоймасын салу;

  • «ECOCITYKZ» ЖШС қоқыс сұрыптау кешенін салу.

Облыс өндірісінің құрылымында тау-кен өндірісі өнеркәсібі басым, оның үлесі – 41,5%. Тау-кен өндірісі өнеркәсібінің негізіне «ССТӨБ» АҚ, «Варваринское» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Өркен» ЖШС Лисаковск филиалы, «Алюминий Казахстана» АҚ филиалдары КБРУ және ТБРУ, «Брендт» ЖШС тәрізді кәсіпорындар кіреді. 

Қазақстандағы тау-кен өндірісі саласындағы аса ірі кәсіпорын – «ССТӨБ» АҚ, оның өнемідерінің (темір кені концентраты, жентектер) негізгі тұтынушылары: «Магнитогорск металлургия комбинаты» ААҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Қытай кәсіпорындары.

Облыста алтын, мыс, титан, никель, көмір, қорғасын-мырыш кендерінің кен орындары барланған. Сонымен қатар облыс бейметалл пайдалы қазбаларға: отқа төзімді сазбалшыққа, құрлыс тасына, құмға бай. 

Облыстағы өңдеу өнеркәсібіндегі металлургия өнеркәсібінің үлесі 2018 жылы 19,8%-ды құрады. Облыста металлургия өнімдерінің негізгі өндірушілері: «ЕвразКаспианСталь» ЖШС, «ССТӨБ» АҚ, «МехЛитКом» ЖШС.

Сала көшбасшысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС 2013 жылы «Қостанай қ. қуаттылығы жылына 450 мың тоннаға дейін құрылыс илемін құрайтын ұсақсұрыпты илемдік орнақ құрылысы» жобасын іске асырды. Бұл зауытты іске қосу ішкі нарықты және құрылыс индустриясы кәсіпорындарын сапалы илеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

Түсті металлургия негізін «Варваринское» АҚ, «Брендт» ЖШС құрайды. 

«Варваринское» АҚ «Доре» қорытпасын өндіру үшін құрамында алтыны бар кендерді өңдеуші кәсіпорын болып табылады. 

Облыста машинажасау саласы жақсы қарқынмен дамуда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша оның өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 25,2% құрады. Облыстағы машинажасау саласының негіздерін «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Агромашхолдинг KZ» АҚ, «Олжа Агротехмаш» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Asmadin Project» ЖШС филиалы, «Дон Мар» ЖШС және тағы басқалары құрайды.

Қостанай облысындағы автомобиль өнеркәсібі облыстағы және жалпы еліміздегі жас салалардың бірі ғана емес, шикізаттық өндірістің даму жағдайының индикаторын көрсетеді. 

«Аllur» компаниялар тобына кіретін «СарыаркаАвтоПром» ЖШС 8 бренд бойынша (Peugeot, Iveco, Hyundai, JAC, Chevrolet Niva, Ravon, MAN, Ankai) автомобильдердің 50-ден аса моделін құрастырады, оларды шығару ірі торапты құрастыру әдісімен де, шағын торапты құрастыру әдісімен де жүзеге асырылады. 2010 жылдан бастап Қостанай алаңында 29 мыңнан аса автомобиль құрастырылған. 

«АгромашХолдинг KZ» АҚ Қазақстандағы астық жинайтын комбайндарды, сондай-ақ кең ассортиментінде қосымша өнімдерді шығаратын жалғыз кәсіпорын. 

«ОлжаАгротехмаш» ЖШС (тракторларды құрастыру, олардың қосалқы бөлшектерін өндіру және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу бойынша қызметтер көрсету), «Дормаш» ЖШС (ауыл шаруашылығы және жол техникасының қосалқы бөлшектерін дайындау, тораптары мен агретаттарын жөндеу), «Дон Мар» ЖШС (тіркеме білік дестелегіштерін өндіру) тәрізді кәсіпорындар облыс аграршыларын ауыл шаруашлығы техникасымен және олардың бөлшектерімен қамтамасыз етеді. 

Қуаттылығы жоғары «Кировец» тракторын шығаратын алғашқы зауыт «Қостанай» индустриялық аймағында өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы бойынша салынды. ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің қатысуымен зауыттың салтанатты ашылу рәсімі биылғы 23 қазанда өтті. 

Жобаның құны 7 млрд теңгеден асады. Жаңа кәсіпорында жылына 500 ауыл шаруашылығы техникасын шығару жоспарланған. 

 Қуаттылығы жоғары «Кировец» тракторын шығару зауытының директоры Николай Зубарев зауытта 500 жұмыс орны құрылатынын айтты. Тартылатын құрамды ескерумен 700 жұмыс орнына дейін болады. 

«Жергіліктендіру деңгейін 50%-ға дейін көтереміз. Зауыттың инженерлік құрамы Петербург трактор зауытың конвейерлерінде тағылымдамадан өтеді. Бұл трактор сұранысқа ие, қуаттылығы жоғары барлық тракторлардан ең көп сатылымға ие өнім, нарықтағы көшбасшы. Сатылу деңгейі 50%-дан жоғары», — деді зауыт директоры. 

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың жоғары қарқынын ескере отырып, құрылыс материалдары өндірісін дамыту облыс экономикасында маңызды рөлге ие. Өңірде тауарлық бетон мен бетоннан жасалған өнімдер, құрылыс құмы, арматура, этилен полимерінен құбырлар, бетоннан құрастырмалы құрылыс конструкциялары, пластмассадан терезе және есік блоктары, кірпіштер шығарылады. 

Саланың аса ірі өкілдері – «Қостанай МБИ» ЖШС үй құрылысы комбинаты, «БК-Строй» ЖШС, «Рудный цемент зауыты» ЖШС, «Romana-Групп» ЖШС.

«Қостанай-МБИ» ЖШС азаматтық, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік құрылыс үшін барлық қажетті материалды шығарады. Мұнда жыл сайын 130 мың текше метр бетон мен 70 мың шаршы метр тұрғын үй материалдарына дейін өндіріле алады. Икемді байланыстырылған үшқабатты панельдер тұрғын үйлерді дәнекерлеу монтажын жасамай-ақ салуға мүмкіндік береді. Сондай тоғыз қабатты үйлер облыс орталығының жаңа ықшамаудандарында пайда болды. 

Комбинат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысады. 2014 жылдан бастап зауыт 35 мың ш.м. жуық тұрғын үй салды. 

«Қостанай МБИ» ЖШС үй құрылысы комбинатының директоры Владимир Анненко комбинаттың «Аэропорт» ықшамауданында тұрғын үйлер салғанын айтты. «Юбилейный» тұрғын үй кешенінде тұрғын үйлер салу басталды. Келесі жылы «Береке» ықшамауданында 12 және 16 қабатты үйлерді, ал «Күнай» ықшамауданында бес қабатты үйлерді салу жоспарланған. 

«Зауыт бос қуыстық төсем плиталарын өндіру учаскесінен, қабырға панельдерін, жақтау элементтерін өндіру учаскесі мен паллеталардың айналымы цехынан тұрады. Мұнда темірбетон бұйымдардың толық циклі – тұрғын үйлер іргетасынан бастап үйлерді жабу плиталарына дейін өндіріледі», — деді В. Анненко. 

Жеңіл өнеркәсіп те жақсы қарқынмен дамып жатыр. Салада 29 кәсіпкерлік субъектілері бар. Олар тоқыма бұйымдарын, киімдерді, киіз аяқ киімдерді, тоқылмаған материалдар мен бас киімдер шығарады. Өткен жылы 2,5 млрд теңгеден астам сомаға өнім шығарылды. Облыста жеңіл өнеркәсіпті дамытудың Жол картасы әзірленген. 

«Большевичка» тігін фабрикасы – Қазақстандағы аса ірі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі. 1941 жылдан бастап кәсіпорын әскери техникаға маманданған. Негізгі тұтынушылары – Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, күш құрылымдары, жер қойнауын пайдаланушылар, Қазақстандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары. Бұдан басқа, мұнда мектеп формасы, сырт киім және тағы басқалары тігіледі. Бүгінде мұнда жылына 88 мың бұйым шығарылады. 

«Большевичка» киім фабрикасының директорның орынбасары Арсен Жетпісбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпорында 250 адам жұмыс істейді. Фабрика облыстағы білім беру орындарымен белсенді өзара іс-қимыл орнатқан. Кәсіпорында жас мамандар, сондай-ақ Еңбек биржасынан жұмыссыздар тәжірибеден өтіп, еңбекке орналасады. Орташа жалақы мөлшері — 90-100 мың теңге. 

«Қазіргі сәтте тігін фабрикасына жаңғырту және инвестициялар бойынша жоспарларды жүзеге асырып жатырмыз. Персонал санын арттыруды көздеп отырмыз. Қосымша инвестициялар тартатын боламыз. “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы аясында өндірісті дамыту үшін қажетті қосымша қаржыландыруды тартамыз», — деді фабрика директорының орынбасары. 

 

Тамақ өнімдері өндірісі: 3,2%-ға артқан 

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы құрылымында тамақ өнімдерінің өндірісінің үлесі 31,6% құрайды. 

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 141,1 млрд теңге сомасына тауарлық өнім өндірілген, бұл 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ға артық (136,9 млрд тенге). 

Облыстағы өңдеу кәсіпорындары 70 түрден аса нан-тоқаш өнімдерін, 2 сұрыпты ұннан бастап Премиум класты ұнға дейін 4-5 ұн сұрпын, 25 түрге жуық макарон өнімдерін, 200 атаудан астам сүт және ет өнімдерін, сұйық май (күнбағыс майы, рапс майы, зығыр майы, софлор майы, қыша майы т.б.), жармалар (қарақұмық, арпа, бидай, жасымық, ұнтақ, жүгері) өндірді. 

Өнеркәсіптің тамақ саласының кәсіпорындары сүт, тартылған ұн, ет өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, алкоголь және алкогольсіз сусындарды, сұйық май шығарады, олар біздің еліміздің аумағында ғана емес, жақын және алыс шетелдерге де өткізіледі. 

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты $280 млн сомасына 1,2 млн тоннаны құрады. Өңделген өнім экспорты $110 млн сомасына 0,4 млн тоннаны құрады. 

Ет Ресей Федерациясына және Өзбекстанға, сүт өнімдері Ресейге, Қырғызстан мен Тәжікстанға, сұйық майлар Қытайға, Ауғанстанға, Тәжікстанға, макарон өнімдері Ауғанстанға, Түркіменстанға, Грузия мен Ресейге, ұн әлемнің 8 еліне (негізінен Ауғанстан мен Өзбекстанға) экспортталады. 

Ірі ұн тарту кәсіпорындары: «Асалия» ЖШС, «Саламат» ЖШС, «Аруана» ЖШС, «Азия ұны» ЖШС, «Бест Костанай» ЖШС, «Қостанай ұн комбинаты» АҚ, «Вадиса М» ЖШС, «Сенат» ЖШС және басқалары. 

Сүт өңдейтін кәсіпорындар — «ДЕП» ЖШС, «Милх»ЖШС, Космис филиалы«RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «Қарасу Ет» ЖШС ет өңдеу кәсіпорны, «Аян Озат» ЖШС, «Торғай Ет» ЖШС, «Ирина и К» ЖШС.

Майлы дақылдарды өңдейтен кәсіпорындар — «Промбаза 7» ЖШС, «К-Оil» ЖШС, «Жаркөл -007» ЖШС және т.б.

Макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорындар — «Қостанай ұн комбинаты» АҚ және «Злак плюс» ЖШС.

Жармалар өндіретін кәсіпорындар — «Мибека» ЖШС және «Олжа Агро» ЖШС.

 

Ауыл шаруашылығы: инновациялар енгізу және техниканы жаңарту 

Ауыл шаруашылығында көресткіштердің өсуі байқалып отыр, мұнда жалпы шығару көлемі 248,8 млрд теңгеге дейін артқан. 

Ірі қара мал басының өсуі 2,3%-ға (462,7 мың бас), жылқы – 6,9%-ға (124,1 мың бас), қой мен ешкі – 2,9%-ға (506,7 мың бас) артты.

Облыстағы кәсіпорындарда тиімділігі жоғары инновациялық цифрлық технологиялар енгізілуде, техника қарқынды түрде жаңартылуда. Жалпы, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларында одан әрі даму егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, сұрыптарды жаңарту, өнімділігі жоғары сұрыптарды енгізу, малдың өнімділігін арттыру, малды асыл тұқымдандыруды жетілдіру арқылы жүргізіледі. Аталған жұмыстардың барлығы өндірістің тиімділігі мен өсімін арттыруға, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие бәсекеге қабілетті сапасы жорғары өнімдерді шығаруды ұлғайтуға бағытталған. 

Биыл жаздық егіс аумағы 4,7 млн га құрады. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру аясында бидай алқабы 198 мың га азайтылды, майлы дақылдар аумағы 510 дейін ұлғайтылды, бұл өткен жылғы деңгейден 80,5 га артық ( 2018 ж. – 429,5 мың га). Жемшөп дақылдары 116 мың га артық егілді (арпа мен сұлы), олардың аумағы 603 мың га құрады (2018 ж. – 486,8 мың га). 

2019 жылы «Тұқым шаруашлығын қолдау» бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 1,5 млрд теңге бөлініп, бұл қаржы толық игерілді. Элиталы және бірінші репордукциялы сатып алынған тұқымдар бойынша төленген тапсырыстар саны 2019 жылы 703 өтінім болды ( 2018 жылы – 498 өтінім).

Облыста астық дақылдарын жинау аяқталды. Жедел мәліметтер бойынша, астықтың жалпы жиналымы 3 млн тоннаны құрайды, облыс бойынша орташа түсімділік – 7,6 ц/га. 

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста 5081 жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 106,7% құрайды. Оның ішінде 7740 — шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 145 — орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 41091 — жеке кәсіпкерлер, 6105 — шаруа қожалықтары. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің ең көп саны Қостанай қаласында (25632 бірл.), Рудный қаласында (6593 бірл.), Қостанай ауданында (3382 бірлі.), Арқалық қаласында (2306 бірл.), Жітіқара ауданында (1940 бірлі.), Лисаковск қаласында (1573 бірл.), Федоров ауданында (1653 бірл.).

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 461,1 млн теңге несиелер сомасына 176 жоба мақұлданды, оның ішінде банктер несиелері бойынша сыйық мөлшерлемесін субсидиялауға 5 845,3 млн теңге несиелер сомасына 112 өтінім мақұлданды, несиелерді жартылай кепілдендіру бойынша 2 615,8 млн теңге сомасына 64 жоба мқұлданды. 

«Шағын несиелендіруді арттыру» Төртінші әлеуметтік бастамасы аясында 2018 жылы 4,3 млрд теңгеге 1 039 шағын несие мақұлданды. 2019 жылы шағын несиелерді беру жалғасуда. 

2019 жылы шағын несиелендіруге 3,3 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 3 млрд теңге — ауылдық жерлерде несиелендіруге, 237,1 млн теңге — қалаларда несиелендіруге. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2 544,6 млн теңгеге 606 шағын несие мақұлданды (ауылдық жерлерде 1 866,9 млн теңгеге 547 шағын несие, қалаларда 677,7 млн теңге сомасына 59 шағын несие). Қаржы институттарының қарауында 321 млн теңге сомасына 48 өтінім бар. 

Аулыдық елді мекендерде шағын несиелендіру «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС арқылы қалаларда – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландырылатын екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. 

Өңірлік бағдарламалар аясында «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы арқылы 299,6 млн теңге сомасына 48 шағын несие мақұлданды, «Қос қолдау» бағдарламасы бойынша — 35 млн теңге сомасына 2 жоба мақұлданды. 

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктермен барлығы шағын бизнес субъектілерін 197,5 млрд теңге көлемінде несие берілді, бұл 2018 жылғы деңгейден 21,5%-ға артық. 

 

Тұрғын үй мәселелерін шешу: 2019 жылы облыста 330 мың ш.м. тұрғын үй салынады 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 85 млрд теңгені немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңге 105,7% құрады. 264,5 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім –16,2%).

Қостанай облысында тұрғын үй мәселелерін шешу үшін «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасын және «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 

2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыста 330 мың ш.м. тұрғын үй салынады, бұл өткен жылғы деңгейден 10%-ға артық ( 2018 жылы 299,3 мың ш.м. тұрғын үй салынған).

Биылғы 9 айда барлық қаржыландыру көздері арқылы 264,5 мың ш.м. немесе 2 825 пәтер және тұрғын үй пайдалануға берілді. 9 айдың ішінде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсімі 2018 жылдың осындай кезеңіне 116,2% құрады. А.ж. соңына дейін барлық қаржыландыру көздері есебінен тағы 70 мың ш.м. жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

Сонымен қатар, биыл Елбасының бастамасы бойынша «Бақытты отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды – жеңілдікті мөлшерлемесі 2%, бастапқы жарнасы 10% құрайды. 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аз қамтылған отбасыларды несиелендіруге 225 өтінімге 1 870 млн теңге көлемінде несиенің болжамдық лимиті жеткізілді. 

Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 1 325,4 млн теңге сомасына қарастыруға 176 өтінімді қабылдады, барлық өтінімдер мақұлданды. 346,6 млн теңге сомасына 45 займ берілді (111,6 млн теңге сомасына 13 көп балалы отбасына, 200,4 млн теңге сомасына 28 толық емес отбасына, 34,6 млн теңге сомасына мүгедек балаларды бағып отырған 4 отбасына).

 

Жолдардың 66%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

Облыстың аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі республикадағы ең ұзын жолдардың бірі және 7 879 шақырымды құрайды (еліміздің өңірлері арасында 2-орын), облыстық маңыздағы – 2208 км, аудандық маңыздағы — 5671 км.

Жалпы, 2019 жылы автомобиль жолдарының жергілікті желісіне 14,5 млрд теңге сомасына реконструкциялау, күрделі жөндеу және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 514 шақырым жол жөнделді.

Бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 66%-ды құрайды. Динамикада бұл көрсеткіштің жыл сайынғы өсімі бар.

Орташа жөндеу паритеттік негізде жүзеге асырылатын жобаларға келер болсақ, осы жылдың 23 қазанындағы жағдай бойынша, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы сомасы 13,6 млрд теңгеге жөндеуге тиісті, ұзындығы 508 шақырым болатын 40 учаскесінің бүгінде 38 учаскесінде 13,3 млрд теңгеге жұмыстар аяқталды. 

Орташа жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары автожолдардың 2 учаскесінде жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, 2019 жылы облыстық маңыздағы Ұзынкөл – Сарыкөл автожолының учаскесін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны іске асыру 2017 жылы басталды және 2020 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

 

2019 жылдың 9 айында жұмыспен қамту шараларымен 21 мыңнан астам адам қамтылды

Қостанай облысының еңбек нарығындағы жағдайды республикадағы ең жақсы жағдай деп атауға болады. Мұнда мемлекеттік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары және жаңа жұмыс орындарын құру аясында іс-шаралардың жүзеге асырылуы оң нәтиже көрсетеді.

Осы жылдың II тоқсанында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 4,7% құрады. Нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санындағы үлесі 1,3 пайыздық тармаққа азайды (15,9%-дан 14,6%-ға дейін).

2019 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық жалақы 14,1%-ға өсіп, 136 816 теңгені құрады.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы негізгі бағдарламалардың бірі – «Eңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықтың өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және нәтижелі жұмысқа тарту.

Қостанай облысы әкімдігінің берген мәліметі бойынша, 2019 жылдың 9 айында Бағдарлама аясында 21 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде:

  • 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 11 мың адам – тұрақты жұмыс орындарына;

  • 4,5 мыңға жуық адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға жіберілді, сонымен қатар бизнесті жүргізу негіздеріне оқытылуда;

  • Бизнес жүргізуге мыңнан астам шағын несиелер мен гранттар берілді.

Биылғы қазан айындағы жағдай бойынша «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағытын жүзеге асыру аясында облыстың колледждерінде 2802 адам білім алуда. Осы жылы 21 студент оқуын аяқтады («Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Автомобильдерді жөндеу слесарі» мамандықтары бойынша), 18 адам немесе 86% жұмысқа орналастырылды.

Тұрғындар үшін Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің базасында көшпелі Мобильді оқу орталығы жұмыс істейді, оның негізінде 2017 жылдан бастап 5 мамандық бойынша 328 тыңдаушы білім алды. Осы айдың соңына дейін тағы 23 адам оқытылады.

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру және МӘМС енгізуге дайындық

Денсаулық сақтау саласы да жақсы нәтижелер көрсетуде.

Мәселен, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «ДамуМед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесін енгізу бойынша облыстың барлық медициналық ұйымдарында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізілді, облыстағы 43 медициналық ұйымда қағазсыз медициналық құжат айналымы жүйесі енгізілді (бұл жоспардың 100%).

2018 жылы компьютерлік техниканы сатып алуға және интернет желісіне қосылуға облыстық бюджеттен 469 млн теңге бөлінді. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарының интернетке қол жетімділігі 95,8%-ды құрады, ал компьютерлік техникамен жарақтандыру – 100%.

Облыстағы 873 163 тұрғынның тіркелген халық тізімі бойынша 770 618 амбулаториялық карта немесе 89%-ы цифрландырылды.

Мобильді қосымшалармен қамту 118 209 адамды немесе интернеттегі белсенді халықтың 24,11%-ын құрайды (490 297 адам).

Барлық медицина қызметкерлері медициналық ақпараттық жүйемен жұмыс істеу дағдылары бойынша оқытудан өтті.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 26 (100%) ұйымда цифрлық медициналық көмек посттары құрылды, онда пациенттер мобильді қосымшаны және пациенттің жеке кабинетін пайдалану ережелерімен таныса алады.

Кездесулерге қатысқан ересек тұрғындардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылуы 97,5% құрайды.

Денсаулық сақтау саласын, мемлекеттік қызметтер көрсетуді цифрландыруды кеңінен насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнама арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады, ақпараттық брошюралар мен буклеттер тираждалып, таратылуда.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін республикада міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар 214,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, Қостанай облысының төлеушілерінен – ​​346 215 адамға 8,8 млрд теңге (4,2%).

2019 жылы республика бойынша 81,5 млрд теңге түсті, оның ішінде Қостанай облысы бойынша - 259 760 адамға 3,3 млрд теңге.

Биыл медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының өскені байқалды, бұл, ең алдымен, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің есебінен болды. Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша облыста 5 070 адам БЖТ төледі.

2019 жылы қор филиалы 61 медициналық ұйыммен келісімшарт жасады, олардың 19-ы немесе 31%-ы — жекеменшік. 2019 жылы медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында халыққа қызмет көрсетуге арналған келісімшарттардың жалпы сомасы 40,9 млрд теңгені құрайды.

1 қазандағы жағдай бойынша Қордың жеткізушілеріне 27,6 млрд теңге немесе медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында медициналық көмек көрсетуге жасалған келісімшарттар сомасының 67% төленді. Бөлінген сома медициналық ұйымдардың операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті.

МӘМС жүйесін енгізу арқылы 2020 жылы облыс бойынша денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2019 жылға қарағанда 1,3 есе артады деп күтілуде.

1 тамыздағы жағдай бойынша, Қостанай облысында статистикалық деректерге сәйкес 870 231 адам тұрады. «Тіркелген халықтың тізілімі» медициналық ақпараттық жүйесіндегі ақпаратқа сәйкес, тұрғындардың жалпы санынан тыс 20 749 адам тізімге алынған (30.08.2019 жылғы жағдай бойынша – 28 300 адам).

Қазіргі таңда жүйедегі (шығып кеткен, қайтыс болған және т.б.) деректерді жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыста ақпараттық жұмыстар 2016 жылдың соңында басталды. Төрағамен МӘМС енгізу бойынша штаб жұмысын жалғастыруда, оның төрағасы – облыс әкімі.

Медициналық ұйымдардың ақпараттық топтарына заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерді ескере отырып, әдістемелік материалдар жеткізілді, сонымен қатар олар ведомствоға қарасты учаскелердегі тұрғындарды хабардар етеді.

Аудиороликтер адамдар жаппай жиналатын жерлерде айналдырылуда, орталық алаңдарда орналасқан LED-мониторларда көрсетілуде, облыстың 4 қаласында коммуналдық қызметтердің төлемдері үшін қағаз түбіртектердегі мәліметтерді басып шығару үшін материалдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді, мемлекетік сатып алулар туралы заңға сәйкес билбордтар орналастырылуда.

Халықтың барлық санаттарын қамту мақсатында әр ауылдық округте кездесулер өткізілді. Акциялар сауда және ойын-сауық орталықтарында, авто және темір жол вокзалдарында үнемі өткізіліп тұрады. Шағын және орта бизнес, ЖШС, ЖК және бюджеттік ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы, Халықты жұмыспен қамту орталықтарындағы және «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында халыққа кеңес беру орындарында жұмыс жалғасуда.

 

Білім беру: облыста үш ауысымды мектептер жоқ

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1-6 жас аралығындағы балалардың 91,2%-ы, 3-6 жас аралығындағы балалардың 99,7%-ы қамтылған. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың басым болуымен мемлекеттік емес сектор кеңеюде – 11%-дан астам.

2019 жылдың 1 қыркүйегінде Қарасу ауылында 96 орынға арналған «Нұрсәби» балабақшасы пайдалануға берілді, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы 1 келісімшартқа қол қойылды (Рудный қаласындағы 265 орындық сәбилер балабақшасының ғимаратын реконструкциялау).

Облыстың білім беру жүйесіне 1209 ұйым кіреді (183 балабақша, оның 60-ы – жекеменшік; 407 шағын орталық, оның 12-сі – жекеменшік; 502 күндізгі, оның 5-і – жекеменшік, 6 кешкі мектеп, 35 колледж (26 мемлекеттік білім беру басқармасы, 2 денсаулық сақтау басқармасы және 7 жекеменшік), 21 арнайы білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 9 ұйым, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 45 қосымша білім беру ұйымы).

Қазіргі уақытта Қостанай облысында үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.

Үш ауысымдық оқуды болдырмау мақсатында осы жылы Қостанай қаласының «Әуежай» ықшам ауданында 900 орынға арналған орта мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, осы жылдың қараша айында облыс орталығында мемлекеттік тілде оқытатын 960 орынға арналған мектеп ашылады.

Сондай-ақ, Қостанай қаласында жалпы құны 3,2 млрд теңге болатын, «Юбилейный» шағын ауданында 1 200 орынға арналған мектептің құрылысы басталды. Биыл бастапқы кезеңге республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді, нысанның аяқталу мерзімі - 2021 жылдың тамызы.

Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай ауылында апаттық мектептің орнына жалпы құны 1,2 млрд теңге болатын, мемлекеттік тілде оқытатын 320 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Құрылысты 2020 жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған.

2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста «Озат» АT-лицей мектеп интернаты, сондай-ақ, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі жанынан АT орталығы ашылды.

Барлық 497 мектепте (100%) кең жолақты интернет қолжетімді, оның ішінде 441 мектепте (88,7%) 4 Мбит/с жоғары жылдамдықты интернет бар, 447 мектеп Wi-Fi желісімен жабдықталған (89,9%). Балабақша мен бірінші сыныпқа өтінім беру және кезекке тұруды автоматтандырылған жүйемен қамту 100% құрайды.

 

Туризмді дамыту: жарты жыл ішінде облысқа 9 мыңнан астам шетелдік келді

Қостанай облысы табиғи және мәдени мұраның мол әлеуетіне ие. Қостанай облысындағы туризм аймақтық қонақжайлылық индустриясының мультипликативті әсерін тудыра алатын сала ретінде қарастырылады, ал кейбір аумақтарда ол әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының негізі бола алады.

2019 жылғы қаңтар-маусымда облыста туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсу үрдісі байқалды. Сонымен, орналастырулар орындары бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 791 291 млн теңгені құрады және 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% артты.

2019 жылдың 6 айында орналастыру объектілерінің қызметтерін 96 251 ҚР азаматтары пайдаланды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға артық.

Шетелдіктер саны 7,7% өсіп, 9424 адамды құрады.

Туристерді ыңғайлы орналастыру үшін жаңа нысандар салу және қолданыстағы туристік нысандарды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Биыл 98 жаңа жұмыс орнын құрумен, қонақ үй бизнесі, жол бойындағы қызмет көрсету және сауықтыру туризмі саласында 1,1 млрд теңге жалпы сомасына 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Облыста ақпараттық туристік бюро жұмыс істейді (туристік маршруттар бойынша экскурсиялар ұйымдастыру, туристік пакеттерді іске асыру), онда облыстың көрікті жерлері бойынша 30 туристік бағдар әзірленген.

Қазақ, ағылшын және қытай тілдерін білетін гид-экскурсия жетекшілері бар, олар тұрғындар мен қонақтарға қызмет көрсетеді (42 адам оқытылды).

2018 жылдан бастап сырттан келушілер және ішкі туризмді жүйелі түрде дамыту мақсатында Қостанай облысында туристік индустрияны дамытудың 2022 жылға дейінгі бас жоспары, сондай-ақ, Қостанай облысын туристік орын ретінде алға жылжыту және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.

Туризмнің басым түрлеріне сәйкес, Бас жоспарда туристік кластердің негізгі учаскелерін анықталды, оған мыналар кіреді:

● экологиялық кластерлік учаске;

● мәдени-танымдық кластерлік учаске;

● медициналық-сауықтыру (шипажай-курорттық) кластерлік учаске;

● аңшылық олжалық кластерлік учаске;

● демалыс күндері туризмінің кластерлік учаскесі;

● оқиғалық кластерлік учаске.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес жолдарды жөндеу, ақпараттық тақтайшалар, нұсқаулықтар орнату, жаңа туризм нысандарын салу және әрекет етіп тұрған туристік нысандарды реконструкциялау және оларға қажетті инфрақұрылымды жүргізу жоспарланған. 

2019 жылы туризм саласын дамытуға облыстық бюджеттен 10,3 млн тг бөлінді.

І жарты жылдықта облыс делегациясы Алматыда өткен KITF-2019 халықаралық туристік көрмесіне қатысты.

Белсенді имидждік жұмыстарды жүргізу үшін ақпараттық-тарату және кәдесый өнімдерін әзірлеу және шығару жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Осы жылдың 3 мамырында Қостанай қаласында «Қостанай. Туризм-2019» ІІ Өңірлік туристік көрмесі өткізілді.

Көрмеге Қостанай облысының, Қазақстан өңірлерінің (Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Шымкент және Алматы қалалары) және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының (Қорған және Челябі облыстары) туристік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Көрме аясында Қостанай облысы мен Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, биылғы 4 мамырда Амангелді ауданында «Ұлы дала әуені - Қызғалдақ фестивалі - Айналдым сенен, Атамекенім» атты ақпараттық тур Қазақстан мен Ресей өңірлерінің туристік ұйымдардың өкілдеріне арнап өткізілді. Фестивальдің салтанатты ашылуы 500 домбырашы орындаған күйден басталды.

Ақпараттық турға қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді: «аударыспақ», «қыз қуу», «теңге алу» өнерлері, қымыз әзірлеу және оның дәмін тату, «Шеберлер ауылы» алаңының ашылуы және қолөнер шеберлігі шеберлік сыныптарына қатысу, сондай-ақ ауданның киелі жерлеріне саяхат жасалды.

Биылғы 14 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристік маусымның ашылуына қатысты. Іс-шараның мақсаты – ішкі туризмді дамыту, Қазақстан облыстарының туристік мүмкіндіктерін ілгерілету, ел өңірлері арасындағы ынтымақтастық үшін диалогтық алаң құру.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу