Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Түйе шаруашылығын мемлекеттік қолдау: Қазақстанда түйе шаруашылығының әлеуеті жоғары

Жұма, 14 Тамыз 2020, 14:41:57

Мемлекет басшысы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздің негізгі ресурсы ретінде ауыл шаруашылығын атап, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын, ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар екенін айтып өткен болатын. Осы орайда қала мен ауылды дамытудың берік негізі ретінде шағын және орта бизнес екені айқындалды. Бұл ретте, Қазақстанда, оның ішінде батыс өңірлерде ауыл шаруашылығының маңызды бір саласы түйе шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Еліміздегі түйе шаруашылығының қазіргі ахуалы мен келешегі туралы Рrimeminister.kz-тің шолуынан оқыңыздар.    

Қазақстанда түйе шаруашылығымен еліміздің батыс және оңтүстік өңірлеріндегі шаруашылықтар айналысады. Табысы шаш етектен түйе жануарының өсірудің маңызы зор. Бұл ретте, түйе етінің, жүні мен сүтінің өндірілуіне ерекше маңыз беріліп, қолдау көрсетілуде. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылғы 1 шілдедегі статистикалық деректер бойынша Қазақстанда 246 375 түйе бар, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 116 540 бас, жеке шаруашылықтарда 129 835 бас түйе тіркелген.

Қазақ төрт түліктің төресі санаған түйені өсіруге шөлді және шөлейтті аймақтар қолайлы болғандықтан, еліміз бойынша өсірілетін түйе басының 82%-ы Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарында шоғырланған. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында —  82 171 бас, Қызылорда облысында — 53 203, Атырау облысында — 35 024, Түркістан облысында — 34 673, Ақтөбе облысында — 19 665, Алматы облысында — 8 581, Жамбыл облысында — 7 932, Батыс Қазақстан облысында — 2 300 бас түйе бар.


Түйе сүтін өңдеу зауытының қуаты — тәулігіне 100 тонна

2020 жылы 26 мамырда өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысындағы түйе сүтін өңдеу зауытын елімізде түйе шаруашылығын дамытудың сәтті мысалы ретінде келтірді. Инвестордың шикізатты тартымды бағамен сатып алуының арқасында, сүтке сұраныс артып, түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады. Бір түйенің құны ел бойынша 2 есеге өсті. Яғни, түйе шаруашылығы аса тартымды бола бастағанын айтқан Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы бағыттағы үйлестіру жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. 

Әлемде түйе сүтін өндіру — перспективалы бағыттардың бірі. Қазақы түйе сүтінің сапасы мен майлылығы жоғары екенін тіпті шетелдік мамандардың өзі мойындады. Соңғы жылдары Қазақстанда да құрғақ түйе сүтін шығаратын шаруашылықтар пайда болды. 

Атап айтқанда, республика бойынша түйе сүтін өндірумен 200-ден астам шаруашылық айналысады. Ғылыми негізделген физиологиялық нормаларға  сәйкес, шұбат пен қымыз өнімдерін қоса алғанда, жан басына шаққандағы тиімді нормасы 10 келіні құрайды. 2019 жылы елімізде 44,4 мың тонна шұбат пен қымыз өндірілген, яғни жан басына шаққанда 2,5 келіден ғана келеді. Бұл аталған саланы әлі де дамыту қажеттігін көрсетеді. 

Түркістан қаласында түйе сүтінен дайын ұнтақ өнімін шығаратын «GOLDEN CAMEL GROUP LTD» ЖШС зауытының құрылысы 2017 жылы басталып, кәсіпорын 2018 жылдың желтоқсан айында ашылды. Жоба бойынша зауытта түйе және бие сүті қайта өңделеді. Атап айтқанда, құрғақ сүт, балалар тағамы, түрлі жас топтарына арналған энергетикалық сусындар өндірісі бар. Сондай-ақ мұнда түйе және бие сүтінен сүт таблеткалары өндіріледі. Зауыттың түйе сүтін өңдеу қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаны құрайды.

2019 жылы Түркістан облысында 5 сүт қабылдау бекеті қойылған, қазір олар толық қуатында жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда осы бекеттерде қабылданған сүттің көлемі 1070 тоннаға жетіп, одан өндірілген құрғақ сүт ұнтағы 111 тоннаны құрады. Зауыт 20 тауар өндірушімен келісімшарт жасасқан, тәулігіне 6 тоннаға жуық түйе сүтін қабылдайды.

 

Алматы облысының «Қаз Фуд» ЖШС және Қарағанды облысының «Евразия Инвест ЛТД» ЖШС сүт қабылдауды тоқтатқандықтан, Түркістан облысындағы шаруашылықтар өз өнімдерін зауытқа өткізе бастады. Сондықтан, биыл сәуір айынан бастап зауыт өкілдері жер-жерді аралап, 68 шаруа қожалығымен келісімшартқа отырды. Соның нәтижесінде, зауыт тәулігіне қабылдайтын сүттің көлемі 14 тоннаға дейін артты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 11 қыркүйегінде Қытай еліне ресми сапарында екі ел арасында экспортталатын сүт өнімдеріне және жүн шикізатына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша, Қытай дайын өнімді экспорттаушылар тізіліміне тіркелді. Сол кезден бері Қазақстанда түйе сүтінен дайындалған ұнтақтың 24,84 тоннасы экспортқа шығарылып келді. Бірақ, биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 короновирус пандемиясын жариялануына байланысты, Қытайға экспортталған өнім дүкен сөрелерінде тұрып қалды. Зауыттың құрылтайшы кәсіпорындары дайын ұнтақты сатып алмауына байланысты, өндірілген дайын түйе сүтінің 41,55 тонна ұнтағы экспортқа шығарылған жоқ.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрі осы жылдың 1 маусымынан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға барлық шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды. Ал бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігін болдырмау туралы бұйрығына байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және егін жинау алдында жеткілікті қорды сақтау мақсатында ауылшаруашылық экспортын уақытша реттеуді енгізген болатын. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктерінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанда мың тоннаға жуық шұбат өндірілді. Оның жартысынан көп бөлігі Алматы облысында өндірілген. Ал 2018 жылы 12 айда елімізде өндірілген шұбат көлемі 2196 тоннаны құраса, өткен жылы республика бойынша 3177 тонна түйе сүті өндірілді. Осылайша, өндіріс өсімі шамамен 45% құрады.
 

Қазақстанда жылына 6,7 мың тонна түйе еті өндіріледі

Адам ағзасына тез сіңетін түйенің еті аса құнарлы, онда  бірқатар пайдалы элементтер бар. 

Қазақстанда жылына 6,7 мың тонна түйе еті өндіріледі. Түйе сүтімен салыстырғанда, түйе етін өндіру экономикалық тиімділігі жағынан өте төмен, себебі, түйенің етін тұтынатындар саны аз. Сондықтан Қазақстанда түйе шаруашылығында негізінен сүт өндіру бағытына басымдық беріледі және түйе еті экспортқа шығарылмайды.
 

Кәсіпорындардың түйе жүнін өңдеу мүмкіндігі бар

Түйе малынан алынатын бағалы өнімнің бірі - оның жүні. Түйенің жүні мен түбіті шетелдік өнеркәсіптерде жоғары бағаланатыны белгілі, әсіресе, түйе жүнінен жасалған көрпелер жылуды жақсы сақтайтын болғандықтан, жоғары сұранысқа ие.

Қазақстандағы түйе шаруашылығы бойынша 12 кәсіпорынның 4-уінің биязы жүнді өңдеуге мүмкіндігі бар. Ал қалған кәсіпорындар кеңес заманынан қалған, жабдықтары мен технологиялары жаңғыртуды талап ететін етік қақтау фабрикалары (негізгі өнімдері: пима, ұлтарақ, киіз). Сондай-ақ былғары шикізатын өңдеумен 10 кәсіпорын айналысады. 

Елімізде негізінен биязы жүн өңделеді, қылшық жүнді өңдейтін заманауи технологиялар жоқ. Сондықтан, негізінен мысалы, иірімжіп, мата және кілем тәрізді қылшық жүннен жасалған тауарлар импортталады. Бұл ретте, шикізат сапасының нашар болуы да түйе жүнін өңдеуге өз әсерін тигізуде.

Осы ретте өңдеу өнеркәсібінің дамуының негізгі тежеуші факторларының бірі түйе басының ұсақ шаруа қожалықтарында шоғырлануы және ветеринарлық жағдайдың сақталмауынан сапалы шикізаттың жетіспеушілігі болып отыр. Сонымен қатар, мал басының 56%-ның жеке қолда болуына байланысты, ветеринарлық талаптардың орындалмауы, селекциялық-асыл тұқымдандыру жұмыстарына тиісті назар аударылмауы, теріні механикалық жолмен сыпыру тәсілінің жоқтығынан оның сапасының нашар болуы былғары шикізатының сапасының төмендеуіне әкеп соғады. 

Бұдан басқа, кәсіпорындардың шикізат сатып алу үшін айналым қаражатының болмауы да қолбайлау. Мәселен, қуаттылығы 80% болу үшін  кәсіпорындардың шикізатты тұтыну көлемі 2,6 млрд теңгені құрауы тиіс.

Сонымен қатар кепілдікті қамтамасыз етуді талап ететін несиелерге қатысты, кепілдікті қамтамасыз етудің, яғни, қолданыстағы қаржылық бағдарламалардың икемді шарттарының болмауы өз әсерін тигізуде. Кепіл ретінде экспорттық келісімшарттар қарастырыла алмайды. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдеде бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №317 бұйрығының аясында жүн дайындау пункттерін, жылжымалы қырқу пункттерін, қойларды электромеханикалық қырқуға арналған құралдарды субсидиялау көзделген.

Бұдан басқа, аталған Инвестициялық субсидиялау қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілуде. Бұл қағида бойынша тері мен жүнді бастапқы өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды құру және кеңейту қарастырылған. 

Сонымен қатар, мал еті, сүті, жүні және былғары шикізаты бойынша дайындау жүйесін ұйымдастыруда 2016 жылдан бастап дайындау ұйымдарына қосылған құн салығының сомасын субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама іске асырылуда. Бұл бағдарлама ет, сүт, жүн және былғары шикізаты бойынша дайындау ұйымдарының қызметін реттеуге және заңдастыруға бағытталған, «бірінші ҚҚС» және дайындау ұйымдарының ашықтығы мен айқындығы мәселесін шешеді. 

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі өз құзыреті шеңберінде тері өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылдады. Соның ішінде  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қолданыстағы «Бірлік» несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізді, қазіргі уақытта бағдарлама іске асырылуда.

 

Елімізде асыл тұқымды түйе басы 16,8 мыңға жетті 

Шөлге шыдамды, жайсыз климатқа бейім, күй талғамайтын қазақы түйелерді жетілдіру үшін оның тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанда асыл тұқымды түйелер саны биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 16,8 мың басты құрайды. Оның ішінде қазақ бактрианы - 6,7 мың бас, аруана тұқымдас түйелер - 10,1 мың бас. 

Ауыл шаруашылығында малдың азық қорын қамтамасыз ету бойынша,  Қазақстанда 184,5 млн га жайылым бар, оның ішінде 94,3 млн га жер пайдаланылады. Атап айтқанда, 73,4 млн га жерді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер пайдаланса, 20,9 млн га — елді мекендердің жайылымдық жерлері болып саналады.

Қазіргі уақытта 90,2 млн га жайылымдық жер пайдаланылмайды, оның 75 млн га бос жерде, 17,8 млн га басқа санаттағы жайылымдарда орналасқан. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен шаруа қожалықтарының иелігінде 3,146 млн га жер бар. Жалпы, шартты алғанда, ауыл шаруашылығындағы мал басы үшін 26,3 млн га жайылымдық жер қажет, ал қолда бар жайылым қоры 47,1 млн га құрайды.

Мәселен, Қарағанды облысындағы «Евразия Инвест LTD» ЖШС компаниясының активінде жыл бойы өз жем-шөп базасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін 25 мың га жайылымдық жер бар. Мұнда маусымдылықты ескере отырып, 1,5 мыңнан аса бие тәулігіне 2,5 тоннаға дейін бие сүтін алуға және өңдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіпорында жылына 20 тоннаға дейін жоғары сапалы сублимацияланған бие сүті өндіріледі. 

2019 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстанда түйе сүтінің өндірісі 9,9%-ға, 15,3 мыңнан астам тоннадан 16,9 мыңға жуық тоннаға дейін артты.  

 

Ойсылқара отаны - Маңғыстауда түйе шаруашылығы дамуда

Шөл және шөлейт аймақта орналасқан Маңғыстау өңірінде жер бетінде тұщы су көздерінің, жайылымдарының болмауы, климатының құрғақтығы, табиғи жайылымдарында шөптің шығымдылығының ауа райына тәуелді болуы, жер асты су көздерінің жоғары минералдануы және т.б. мұнда аграрлық сектордың дамуын шектейді. Дегенмен, Қазақстанда түйе өсіру бойынша Маңғыстау облысы көш басында. Облыс бойынша шаруа қожалықтары жылқы, қой шаруашылығынан басқа, түйе шаруашылығымен де қатар айналысады. Атап айтқанда, өңірде түйе шаруашылығымен айналысатын 1100 шаруа қожалығы бар. Еліміздегі түйе түлігінің үштен бір бөлігі осы облыста шоғырланған, сондықтан түйе шаруашылығы облыстың мал шаруашылығының негізгі саласы саналады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында түйе малының 82,1 мың басы бар. Олардан жылына шамамен 5,7 мың тонна сүт, 3 мың тонна ет, 184 тонна жүн, 14 мың бас төл алынып отыр. Облыста негізінен сүтті бағыттағы (62%) түйе өсіріледі.

Түйе шаруашылығын мемлекеттік қолдауда негізгі басымдық түйе шаруашылығының өнімдерін өндіруге беріледі. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, биыл өңірде түйе малының басының, сәйкесінше түйе шаруашылығының өнімдерінде, яғни сүті мен етін өндіруде өсім байқалып отыр. Түйе сүтін және етін өндіру көлемі шамамен 3%-ға артқан. Түйе түлігін өсірумен айналысатын шаруашылықтарда 1300 жұмыс орны құрылған. 

Соңғы жылдары табиғи, климаттық жағдайларға байланысты шаруа қожалықтары түйе мен жылқы малының басын көбейтуде, яғни облыстың қатал табиғатына төзімді түйе малын сатып алуға ниет білдіріп отырған кәсіпкерлер көп. Бұл ретте кәсіпкерлерді түйе шаруашылығымен айналысуға ынталандыру көздері қарастырылған. Мәселен, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы» тәрізді қаржы институттары арқылы төмен пайызбен несие беру және сатып алынған жабдықтарға, сонымен қатар жайылым жерге қазылған ұңғымаға, сатып алынған асыл тұқымды түйенің аталық басына 100 мың теңге көлемінде бір реттік мемлекеттен субсидия беру қарастырылған. Алайда, өндірілген түйе еті мен жүніне субсидия бөлу қарастырылмаған.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында асыл тұқымды мал шаруашылығының жаңа ережесіне сәйкес  асыл тұқымды түйенің бір басын сатып алу үшін 100 мың теңге субсидия қарастырылған. Маңғыстау өңірінде түйе малын асыл тұқымдандыру бойынша аруана және қазақ бактрианын өсіру, селекциялық мал тұқымын асылдандыру қызметі, өнім өндірісі толық жолға қойылған. Түйе өсіретін шаруашылықтарда түрлі аурулардың, індеттердің таралмауы үшін жоспар бойынша қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында егу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. 

Маңғыстау облысында сонымен қатар адам ағзасына аса пайдалы, емдік қасиеті жоғары түйе сүтінің өндірісін арттыру көзделген. Қазіргі таңда, елімізде орын алып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты емдік қасиеті жоғары болғандықтан, түйенің сүті, сонымен қатар шұбаты өңірдегі жергілікті сауда орындарында жоғары сұранысқа ие.

Маңғыстау өңірінде шаруашылықтардың басым бөлігі аналық түйе басын сатып алуға ынталы. Түйе шаруашылықтары өнімдерін жергілікті сауда орындарына өткізеді. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде түйе сүтін қабылдау орындары ашылған. Шаруашылықтар түйе сүтін оны қайта өңдеумен айналысатын «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС-нің қабылдау пункттеріне, «Ағарған» ЖШС кәсіпорындарына тапсырады. Сондай-ақ, түйе сүтін «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС қайта өңдеп, шұбат өндіреді. Алдағы жылдары түйе сүтінен шетелдегідей балмұздақ, кәмпит, йогурт т.б. өнімдерді шығару жоспарланған. Бұл ретте, қазіргі таңда «Ағарған» ЖШС құрт өндіретін аппаратты алуды жоспарлап отыр.

2019 жылы «Евразия Инвест ЛТД» ЖШС мекемесімен түйе сүтін қабылдап, құрғақ сүт өндіру жұмыстары 2020-2021 жылдарға жоспарланған еді, алайда елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл жұмыстар уақытша шегерілген. 

 

Түйе шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары қандай

Қазіргі кезде Ойсылқара түлігін өсірумен айналысатын шаруашылықтарды бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Сонымен қатар түйе шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің өндірген өнімдерін өткізу нарығы қамтамасыз етілген.         

Түйе шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары қарастырылған. Бұл қағидаларға сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу үшін, сатып алынған мал басына 100 мың теңгеден, және түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату мақсатында оның 1 келісі үшін 55 теңгеден субсидия төлеу қарастырылған. 



 

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізуде. Осы енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, аналық түйенің азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандату үшін, жергілікті бюджеттен осы бағытқа қаражат бөлінген жағдайда, аналық басына 20 мың теңге көлемінде субсидия төлеу қарастырылды.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары аясында  етті бағыттағы ауыл шаруашылығы малын өсіруге арналған техника мен жабдықтарды сатып алу (жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, түйе шаруашылығы) жобасының паспорты қарастырылған. Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ын құрайды. Сонымен бірге, жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіретін шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар) жобасының паспорты қарастырылған. Иинвестициялық салымдарды өтеу үлесі — 80%.

Бұдан басқа, түйе шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «КазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы жеңілдетілген несиелер беру бағдарламалары жүзеге асырылады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша фермерлерді қаржыландыруға бөлінген 100 млрд теңгенің қазіргі таңда 6,5 млрд теңгесі игерілді.  

Мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал сатып алуға берілетін несиенің кепілдік саясатын өзгертті. Сонымен қатар, фермерлік шаруашылықтардың несие алу өтініштерін қарау мерзімі оңтайландырылды.

Айта кетейік, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы салаларын несиелендіру жұмыстарын жалғастыруда. Мұндай несие мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға және кәсіпкерліктің басқа да түрлеріне беріледі. Несиенің жылдық мөлшері — 6%, тиімді сыйақы мөлшері 6,7%-дан аспайды, мерзімі — 6,5 жылға дейін. 2 жылға дейін жеңілдік мерзімі бар, одан кейін негізгі қарыз қайтарылады. Сонымен қатар Қор кәсіпкерлерге ыңғайлы кепілдік саясатын ұсынады:  ауылдық жерлердегі несие алушы жылжитын және жылжымайтын мүлігін кепілдікке қоя алады. Несие беруді тездету үшін барлық жағдай қарастырылуда, осы мақсатта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өтінімдерді қарастыру  мерзімі мен тиісті құжаттарды қабылдау уақытын қысқартады.

Бұдан басқа, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Еңбек» бағдарламасы бойынша несиелік өтінімдерді қарау мерзімін 11 күннен 4 күнге дейін қысқартты. Биыл ауыл шаруашылығы бизнесі шамамен 42 млрд теңгеге қаржыландырылады.
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.