Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау

Сәрсенбі, 08 Шілде 2020, 19:25:19

ҚР Үкіметі еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруда.

ҚР қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы топтамасы жергілікті деңгейде салықтық преференциялар мен қолдауды есепке алмағанда 5 938 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 3 462 млрд теңгесі республикалық бюджет есебінен, 2 476 млрд теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен.

Атап айтқанда, Жұмыспен қамтудың жол картасын қаржыландыруға 1 трлн теңге көзделген, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 300 млрд теңге, бюджеттен тыс қаражат есебінен – 700 млрд теңге. Бұл қаражат өңірлерге инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және 250 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бизнес субъектілерінің айналым капиталын 8% жеңілдікпен несиелеу және инвестициялық жобаларды жылдық 6% жеңілдікпен кредиттеуді кеңейту аясында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге бюджеттен тыс қаражат көзделген.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 370 млрд теңге аясында 3 млн-нан астам адам табысынан айырылуы бойынша 3 ай ішінде 1 АЕК (42,5 мың теңге) көлемінде жәрдемақы алды. 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу үшін қосымша 390 млрд теңге (бюджеттен тыс қаражат) жұмсалды. РБ салық кірістерінің шығындарын өтеу және мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау шығындары 1,7 трлн теңгені құрады», — деп нақтылады Б. Шолпанқұлов.

ШОБ және ірі бизнес үшін еңбекақы төлеу қоры бойынша салықтар мен алымдарды төлеуден босатуды ұсынуға байланысты экономиканың зардап шеккен секторларында шағын бизнестің шығындарын өтеуге 237 млрд теңге қарастырылған.

«313 млрд теңге әлеуметтік төлемдердің (зейнетақылар, жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек) 10%-ға дейін қосымша индекстеуге, стипендияларды арттыруға және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге жұмсалады», — деді қаржы бірінші вице-министрі.

Мемлекеттік бағдарламаларды кеңейтуге 240 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:

  • Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға — 50 млрд теңге;

  • «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша еңбек нарығын дамытуға — 50 млрд теңге;

  • «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беруге – 84,5 млрд теңге;

  • «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 55 млрд теңге.

Сонымен қатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге, оның ішінде медицина және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеу, жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына және басқа шараларға көзделген.

«575 млрд теңге қосымша шығыстар азаматтар мен экономиканы қолдауға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, Нұр-Сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық объектілерін аяқтауға және басқа да басым міндеттерге бағытталған», — деді Б. Шолпанқұлов.

Сондай-ақ коронавирус инфекциясымен күреске Үкімет резервінен 66 млрд 957 млн теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау министрлігіне — 46 млрд 587 млн теңге.

«Қазіргі таңда пандемиямен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде бюджетті нақтылау аясында – 125 млрд теңге, Үкімет резервінен – 66,9 млрд теңге. Бұл қаражаттың қатаң нысаналы бағыты бар және мемлекеттік сатып алу өткізілген сәттен бастап және осы ақшалай қаражат соңғы сатып алушыға аударылғанға дейін бақыланады. Әрине, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет сапасын бақылау комитеті арқылы ауруханалардың қызмет көрсетуін бақылайды», — деп түсіндірді Б. Шолпанқұлов.

Өз кезегінде ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев жаңа карантин аясында экономиканың қысқару болжамы сәуір айының басында нақтыланғанын хабарлады. 5 айдың қорытындысы бойынша қызмет көрсету секторы 6,2%-ға төмендеді, тауар өндірісі серпінін сақтап тұр, өндірістік сектордағы өсім 4,8%-ды құрайды.

«Шектеу шараларына келер болсақ, олар екі аптаға созылады және олар ТЖ режимінен экономикалық жағынан ерекшеленеді. Мәселен, бүгінде темір жол тасымалы, әуе қатынасы, жүк тасымалы, құрылыс жұмыстары сақталған, ауданы шағын азық-түліктік емес дүкендер жұмыс істейді және басқа да экономикалық айырмашылықтары бар. Яғни, бүгінде қызметтердің белгілі бір көлемі жұмыс істеуін жалғастыруда. Бұл ретте әрекет ету уақыты бойынша қолдаудың көптеген шаралары уақыт бойынша артығымен қабылданды, мысалы, салықтық жеңілдіктер (1 қазанға дейін). Жалпы алғанда, қызмет көрсету секторы кейіннен қарқын алып, өндірістік сектордың жоғары серпіні байқалуда. Соның нәтижесінде жыл соңына қарай біз оң өсімге қол жеткізе аламыз деп ойлауға негіз бар», — деді М. Тәкиев.

Ұлттық экономика вице-министрі биылғы және келесі жылға болжам негізінде консервативті сценарий жасалып, қазіргі трендтердің барлығы ескерілгенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар шаралар қабылданды, мысалы, микро және шағын бизнес үшін кірістерге салынатын салықтан босату әрекет етіп тұр және олар бойынша тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Сонымен қатар 1 қазанға дейін көптеген түрлі салалар бойынша еңбекақы төлеу қорынан салықтан босату мүмкіндігі енгізілді, жеңілдікті несие беру кеңейтілді. Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар қабылданды және осыған қарамастан, оған қосымша ретінде маусым айында бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданды, ол мемлекеттік сатып алуды, қазақстандық қамтуды, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін және тауарларды экспортқа ілгерілетуді қоса алғанда, кәсіпкерліктің ағымдағы мәселелерін шешуге бағытталған 43 іс-шараны қамтиды. Сондай-ақ арнайы Мемлекеттік комиссия жұмыс істейді, онда бизнес өкілдерінің барлық ұсыныстары қаралады, олар барлық өңірлерден жиналып, ең өзекті мәселелер бойынша қаралады», — деді М. Тәкиев.

Сонымен қатар вице-министр атап өткендей, Мемлекеттік комиссия маусым айында бизнесті қолдау жоспарын қабылдады. !с-шаралардың бірі — жеке тәртіпте бизнес несиелері бойынша кейінге қалдыруды ұсынудың арнайы тәртібін қабылдау. Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттік арнайы тәртіпті осы жылғы 15 маусымда қабылдады және 90 күнтізбелік күннен кем емес кезеңге қарыздарды қайта құрылымдау және кейінге қалдыру үшін банктер мен микрокредиттік ұйымдарға жеке тәртіппен жүгінуге болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.