Жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамту, шағын несиелендіру: қазақстандық жастар үшін 2019 жыл қалай өтті

Сейсенбі, 07 Қаңтар 2020, 09:51:09

Жас ұрпақты жан-жақты қолдау мақсатында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев жастар саясаты мен отбасы институтын дамыту Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі болуы керек екеніне сенімді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың пікірінше, жас ұрпақ Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқаруы тиіс — алға ілгерілеудің қозғаушы күшіне айналуы қажет.

2019 жыл бойына еліміздің жастар буынан қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілді. Президенттік кадрлар резервін қалыптастыру басты оқиғалардың бірі болды. Бүгінгі таңда Қазақстан жастары еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуда, қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекет өмірінде маңызды рөл атқарады. Қазіргі жастар — негізгі стратегиялық ресурс, алдағы реформалардың локомотиві. Бүгінде жаңа бағдарлама мен құнды ұстанымдарымен, жоғары мақсаттарға жетуге бағытталған экономикалық жобаларымен өзге, инновациялық жастар қалыптасуда.

Сонымен, 2019 жылы жастар саясаты шараларымен 2 млн адам қамтылды. Қаржыландыру өсімі 40 есе өсті, жастарды қолдаудың арнайы мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр. Сондай-ақ, волонтерлікті дамыту бойынша 7 жалпыұлттық жоба жүзеге асырылуда. Бұдан өзге, 2020 жылы «Волонтер жылы» деп жарияланды.

Бүгінгі таңда республикада 14 пен 29 жас аралығындағы 3,8 млн жас азамат бар. 2019 жылдың ІІІ тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% немесе 84,7 мың адамды құрады.

2 206 мың адам экономикалық белсенді, олардың ішінде 2 121 мыңнан астам адам (96,1%) жұмыс істейді.

Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны — 388,8 мың адам (18,5%) көтерме және бөлшек саудамен айналысады. 253 мыңнан астам адам (12%) автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеумен айналысады, ауыл шаруашылығында 239,7 мың адам, өнеркәсіпте 218 мың адам (10,4%) жұмыс істейді.

Білім деңгейі бойынша жұмыспен қамтылған жастардың 44,2%-ында (936,7 мың адам) жоғары немесе аяқталмаған білімі бар.

 

Қазақстанда Жастар жылында қандай іс-шаралар жүзеге асырылды?

Үкімет Жастар жылын өткізудің жол картасын қабылдап, жүзеге асырды. Жол картасында жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасын қолдау және т. б. шаралар қарастырылған.

2019 жылы 3 мың жас азамат Қазақстанның үш ірі қаласынан жалдамалы баспана алды. Нұр-Сұлтан қаласында жастар 1050 пәтер, Алматыда - 1050 және Шымкентте 900 пәтер алды.

3 мыңнан астам жас маманға 13,5 млрд теңге сомасына тұрғын үй алуға бюджеттік несие берілді.

«Дипломмен ауылға» жобасына қатысушыларға 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (3 787 500 теңге) бюджеттік несие беру қарастырылған.

 

172 мыңға жуық адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты

Еңбек нарығын дамыту және халықтың, соның ішінде жастардың тұрмыс деңгейін жақсарту бойынша қосымша шараларды қабылдау мақсатында «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. 

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарлама қатысушылары арасындағы жастардың үлесі 34,3% құрады.

Көрсетілген мерзімде Бағдарлама қатысушыларының қатарына 213,5 мыңнан астам жас азамат қосылған, олардың 189,6 мыңы немесе 88,8%-ы жұмысқа орналасқан.

Бағдарлама аясында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы іске асырылып жатыр, соның арқасында 9 немесе 11-сыныптан кейін оқуын жалғастыра алмаған мектеп түлектері бірінші жұмысшы мамандығы бойынша ақысыз оқуға мүмкіндік алды.

Осылайша, есепті кезеңде 22 мың адам кәсіптік оқуға, 20,2 мың адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді.

Сонымен қатар, жастардың, оның ішінде NEET (Not in Education, Employment, or Training — заңда көрсетілген жасында оқымайтын, жұмыс жасамайтын және біліктілігін көтермейтін жастар) санатындағы жастардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқытудың қысқа мерзімді курстары (6 айға дейін) ұйымдастырылған.

Қазақстанда «Жас кәсіпкер» және «Жас маман» жобаларынан тұратын «Жастар – ел тірегі» жобасын іске асыру қолға алынды. Аталған жобалар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда, жалпы мемлекеттік қолдау шараларымен 209 мыңнан астам жас азамат қамтылған, олардың ішінде еңбекпен қамтылғаны — 172 мың адам. 

Қазіргі уақытта үш жыл ішінде 1 млн жастарды қамту арқылы «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. 

«Жас маман» жобасы еліміздің барлық аймақтарында үш жыл ішінде 200 мыңға жуық жас азаматтарды қамти отырып, 200 жаңартылған білім беру ұйымдарының (20 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен 180 озық колледждер) базасында 100 аса сұранысқа ие индустриялық және қызмет көрсету кәсіптері бойынша мамандар даярлауды көздейді.

«Жас кәсіпкер» жобасы — бұл республика бойынша, соның ішінде NEET санаттарында жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені, оның аясында бизнес жүргізу дағдыларын үйрету және стартап жобаларды іске асыруда көмек көрсету бойынша шараларды кеңейту жоспарлануда. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 20 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 

2019 жылы 9,5 мың жас азамат жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар алды, жыл сайын 10 мың жас грант алатын болады. Сонымен қатар, 2,5 мың жас кәсіпкер өз бизнестерін дамыту үшін микро несие алды, 15 мың адам үш жыл ішінде алады.

«Жасыл ел» жобасы аясында 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 2019 жылы жастар практикасына 33 мыңға жуық жас азамат жіберілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша біржолғы жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен (176 750 теңге) 100 АЕК-ке (252 500 теңге) дейін ұлғайтылды. 6 мыңға жуық жас маман 1,2 млрд теңге көлемінде көтермелеу жәрдемақысын алды.

Айта кету керек, Бағдарламаның екінші бағыты Атамекен ҰКП-ның «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту мен микрокредит беру арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 20 мың адам кәсіпкерлік негіздерімен қамтылды, оның ішінде 2,8 мың адам шағын несие алса, 15 мың адам грант алды.

Сонымен қатар, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар түрінде жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған құрал әзірленуде.

Бағдарламаның үшінші бағыты ішкі ұтқырлықты және жұмысқа орналасуды қолдауды ынталандыруды көздейді.

Еліміздің өңірлеріндегі кадрлар тапшылығын азайту мақсатында 2019 жылдың 9 айында 353 еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс күші мол өңірлерден көшірілді. Оның ішінде 310 адам жұмыспен қамтылған.

Бұған қоса, Бағдарламада жұмыс күші артық өңірлердегі жастарға жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды еңбекке қабілетті адамдар жетіспейтін аймақтарға жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы қарастырылған. Бұл еңбекке жарамды адамдар жетіспейтін өңірлер мен ауылдық елді мекендерді жас білікті мамандармен қамтамасыз етуге, қоныс аударушыларға жаңа жерге орнығуға жәрдемдесуге, оның ішінде оқыту, жұмыспен қамту, баспанамен және балабақшалар мен мектептерде орындармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, Бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, оларға 2019 жылдың 11 айында жастар арасынан 64 мыңнан астам адам жіберілді.

Сонымен бірге, Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін NEET санатындағы жастардың ішінен үміткерлердің тізімін құру, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, коучинг және психологиялық қолдау көрсету үшін жергілікті комиссиялардың мобильді жұмыс топтарын құру қарастырылған.

Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік өткен жылдан бастап еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын - Электрондық еңбек биржасын (www.enbek.kz) (бұдан әрі - ЭЕБ) іске қосты.

ЭЕБ — жұмыспен қамту орталықтарына бармай және жарияланған ақпараттарға еркін қол жеткізумен бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған бірыңғай цифрлық алаң.

Жұмыс іздеушілер үшін түйіндеме орналастыру, бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу, сондай-ақ ұнаған бос жұмыс орындарына белгі қалдыру және сұхбаттасуға шақырту алу, жұмыс берушілерден жұмысқа орналасуы туралы хабарламалар қабылдау функциялары қарастырылған. ЭЕБ-дегі барлық қызметтер ақысыз.

2019 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша ЭЕБ-да 36,4 мыңға жуық бос жұмыс орны және 161,5 мың түйіндеме орналастырылды.

ЭЕБ қызметтерін 182,5 мың жұмыс беруші және 858,7 мың жұмыс іздеуші қолданды. ЭЕБ арқылы 476 мың жұмыс іздеуші еңбекпен қамтылды (338,6 мың адам тұрақты жұмыс орындарына және 137 мың адам уақытша жұмыс орындарына).

Халықты, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту және оқыту мәселелерін шешу мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен дағдыларға сәйкес Министрлік бірқатар кешенді шараларды қабылдауда.

Биыл еңбек ресурстарының ағымдағы және болжамдық сұранысын және ұсыныстарын бағалау үшін Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі енгізілді (бұдан әрі ҰБЖ).

ҰБЖ демографиялық болжамды, білім беру жүйесінен ағым болжамын, салалар арасындағы ағымдарды, еңбек нарығындағы әлемдік болжамды ескерумен қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар бойынша модульдік жүйені қамтиды.

ҰБЖ негізгі нәтижелері Ұлттық еңбек ресурстарының болжамы болады, ол мемлекеттік білім беру тапсырысын жасау, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерілімін анықтау, сондайақ кадрларды қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау мақсатында сұранысқа ие кәсіптерді нақтылау үшін негіз бола алады. 


Жас ғалымдардың қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыруға 3 млрд тг бөлінді

ҚР БҒМ Жастар жылында ҰБТ тапсыруға өтінім берген әрбір екінші талапкерге ЖОО-ға түсуге мүмкіндік берген 53 785 грант бөлді. 

Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының жұмысы аясында 270 отбасы сақталды. Еліміздің Жастар ресурстық орталықтарында тегін заңгерлік кеңес беру бөлімдері жұмыс істейді.

2019 жылы жастарды қолдауға бағытталған 56 гранттық жоба жүзеге асырылды. Жалпы, гранттық жобалар аясында мемлекеттік қолдау шараларымен 2 млн-нан астам жас азамат қамтылған.

Сонымен қатар, қазіргі кезде министрлік «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр, ол 2020 жылы наурыз айында іске қосылады. Сондай-ақ кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

«Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» – бұл алдағы 15-20 жылға арналған перспективалы кәсіптердің электронды порталы. Ол қандай салалардың белсенді дамитынын, оларда қандай жаңа технологиялардың, өнімдердің, басқару тәжірибесінің пайда болатынын және жұмыс берушілерге қандай жаңа мамандықтардың қажет болатынын түсінуге мүмкіндік береді. 

Атлас экономиканың тоғыз басымдыққа ие саласы бойынша әзірленеді: тау-кен өндірісі саласы, мұнайга, ауыл шаруашылығы, көлік және логситика, машинажасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс, тау-кен металлургия саласы. 

Бұдан өзге, жаңа экономиканың салаларына сай келетін кадрлардың дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында ЕХӘҚМ Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, мемлекеттік органдармен бірлесіп кәсіптік стандарттарды әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. 

Кәсіптік стандарт жұмыскердің белгілі бір кәсіптік қызмет саласы бойынша біліктілік деңгейі мен құзыретіне, оның еңбегінің сапасы мен мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.

Кәсіптік стандарттар негізінде білім бағдарламалары әзірленуде, бұл еңбек нарығына қойылатын талаптарды өзара байланыстырып, осы дағдылардың білім беру жүйесі тарапынан ұсынылуына мүмкіндік жасайды. 

Биыл шетелдік жұмыс күшінің квотасы ұсынылатын 100 сұранысқа ие және индустриялық кәсіптерді міндетті түрде қамтумен 480 кәсіптік стандартты бекіту аяқталады.

480 кәсіптік стандартты әзірлеу бойынша жұмыстарды тиімді және уақытылы орындау үшін Жобалық офис құрылды, оның құрасында орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жетекгі кәсіпорындардың, компаниялардың, оқу орындарының өкілдері бар. 

Бұл ретте, Еңбек кодексіне сәйкес, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары тартылған. 

Бұрын бекітілген кәсіптік стандарттарды ескерумен орта және жоғарғы біліктілік деңгейіндегі 70 білім беру бағдарламасы жаңартылған.

2018 жылдан бастап жекелеген оқу орындарында 12 білім беру бағдарламасын пилоттық енгізу жүргізілуде.

2020 жылдан бастап жаңа 480 кәсіптік стандар негізінде әзірленген/жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды оқыту жоспарланған. Қабылданған шаралар жас қазақстандықтарға өз әлеуетін іске асырып, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға жәрдемдесуге бағытталған. 

Жұмыс берушілерді бірінші жұмысқа еңбек тәжірибесі жоқ жастарды алуға ынталандыру мақсатында, сондай-ақ еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы ұсынылады. 

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша еңбекке орналастыруды ұйымдастыру қажетті еңбек дағдыларын ұсыну, бірінші жұмыс орнында бейімделу үшін жастар санатындағы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер үшін барлық меншік түрлері ұйымдарында жүзеге асырылады. 

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша еңбекке орналастыруда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, колледждер мен ЖОО-лардың түлектеріне, еңбекке қабілетті мүгедектерге, оқуды аяқтаған мүгедектерге басым құқық беріледі. 

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарт негізінде «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларын кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмыс орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыскердің жалақысын бірінші жұмыс істеген жылында 20 айлық есептік көрсеткіг көлемінде (50 500 теңге) субсидиялайды. 

Сонымен қатар «Ұрпақтар келісімі» жобасы ұсынылады, онда зейнет жасына жеткен жұмыскерді ауыстырумен еңбекке орналастыру қарастырылады. Еңбекке орналастыруда жастарға, көп балалы және аз қамьылған отбасылардан шыққан еңбекке қабілетті жандарға, еңбекке қабілетті мүгедектерге басымдық беріледі. 

Бұл жоба бойынша зейнет жасы алдындағы адамдар зейнет демалысына шыққан соң өз білімдерін жас мамандарға үйрететін болады. 

«Ұрпақтар келісімі» жобасында үміткерді жұмыс беруші мемлекет субсидиялайтын жұмыс орнына 6 айға дейінгі уақытқа жұмыс алады (жалақы көлемі шамамен 20 АЕК – 50 500 теңге).

Келісімшарт мерзімі аяқталған соң үміткер тәлімгердің жалақысымен тұрақты жұмысқа қабылданады. 

Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы бойынша еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтіндерді жұмыскердің біліктілігі мен дағдыларының ерекшеліктерін ескерумен, жұмыс берушінің қайта даярлау курсының құнының кемінде 50%-ын тең қаржыландыруы шартымен кәсіптік даярлау бойынша қосымша шаралар қарастырылған, оның ішінде жас мамандар да қамтылады (оқыту мерзімі бір айдан он айға дейін), 

Жұмыскерлерді кәсіптік даярлау ұйымы жұмыстан жартылай босату немесе жұымс уақытынан бос уақытта оқыту (кешкі уақытта, демалыс күндері) арқылы жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқытуды қарастыруы мүмкін. 

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері үшін 7 жыл мерзімге дейін, пайыздық мөлшерлемесінің жылдығы 4%-дан аспайтын жеңілдікті шарттарда шағын несие ұсыну қарастырылады. 

Бұл ретте, ауылдық жерлерде тұратын тұлғалар, мүгедектер, 50 жастан асқан тұлғалар, жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар, аз қамьылған және/немесе көпбалалы отбасылары мүшелері кәсіпкерлік бастамасы бойынша қолдау шараларын алуда басымдықты құқыққа ие. 

Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасында мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарына квота бөлу аясында жұмыс орындарына орналастыру қарастырылады. 


Жаңалықтар тізбегі
21 Ақпан 2020, 12:57
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды
21 Ақпан 2020, 10:17
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 20:11
Арыстан Қабыкенов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 19:35
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді
20 Ақпан 2020, 17:05
Жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:59
«Оңтүстік» АЭА дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:19
Мемлекеттік сатып алулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету: электрондық форматқа көшудің арқасында 2019 жылы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
20 Ақпан 2020, 14:59
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
20 Ақпан 2020, 12:31
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
20 Ақпан 2020, 11:28
Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:05
«Туған жер» жобасы, музей экспонаттарының цифрлық каталогын және ұлттық электрондық кітапхана құру  — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда
30 Қаңтар 2020, 14:29
Қазақстанда жоғарғы технологиялар мектебі ашылады — Кваме Ямгнанемен сұхбат
30 Қаңтар 2020, 11:13
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 19:38
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 16:01
ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады
29 Қаңтар 2020, 12:43
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
28 Қаңтар 2020, 20:40
Президенттің тапсырмаларын орындау, Су ресурстарын басқару жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау, халықты коронавирустан қорғау немесе Үкімет отырысы қалай өтті
28 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.01.2020
28 Қаңтар 2020, 18:45
Е. Біртанов: коронавирусқа қатысты тек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенген жөн
28 Қаңтар 2020, 18:13
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанның автоөнеркәсібінің 2020 жылға даму жоспары туралы баяндалды
28 Қаңтар 2020, 16:17
ҚР СІМ ҚХР-дағы қазақстандық студенттер үшін арнайы бортты ұйымдастыру мәселесін пысықтауда
28 Қаңтар 2020, 15:31
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
28 Қаңтар 2020, 14:46
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияны таратпау және оның алдын алу бойынша шаралар кешенін қабылдады 
28 Қаңтар 2020, 13:06
2020 жылы инвестициялар экономикалық өрлеудің негізгі қозғаушы күшіне айналады — Р. Дәленов 
28 Қаңтар 2020, 11:03
2020 жылы ақпанда банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады — М. Әбілқасымова
28 Қаңтар 2020, 10:46
Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі Ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлейді
28 Қаңтар 2020, 10:14
Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс реконструкцияланады — М. Мырзағалиев
28 Қаңтар 2020, 09:51
Үкімет ҚР Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті
28 Қаңтар 2020, 09:42
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады
28 Қаңтар 2020, 09:29
Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі мұқият пысықтау қажет — Р. Дәленов
28 Қаңтар 2020, 01:27
Қазақстан Президенті «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды
27 Қаңтар 2020, 21:47
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 21:36
Қазақстан Президенті БАӘ-нің бизнес өкілдері қатысқан жиында сөз сөйледі
27 Қаңтар 2020, 21:31
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ға сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:34
Б. Сапарбаев ҚР аумағында коронавирустың пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:28
Роман Скляр республикалық автожолдардағы ТЖ мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді
27 Қаңтар 2020, 18:47
Жанат Элиманов ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды
27 Қаңтар 2020, 16:20
Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді
27 Қаңтар 2020, 14:29
28 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қаңтар 2020, 15:28
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №45
26 Қаңтар 2020, 14:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықты коронавирустан қорғау мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
24 Қаңтар 2020, 20:12
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әкімдерді қабылдады
24 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.01.2020
24 Қаңтар 2020, 18:40
Б. Сапарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
24 Қаңтар 2020, 18:37
Қазақстан Президенті әкімдермен кеңес өткізді
24 Қаңтар 2020, 17:16
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ көлемі 7,2%-ға өсті — А. Көлгінов
24 Қаңтар 2020, 16:28
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі